Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі



бет14/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2 апта ботаника

Микроскопты күтіп ұстау. Тек күтіп ұстаған жағдайда ғана микроскоп көп жылдар бойы жақсы жүмыс істейтін болады. Әсіресе оның оптикалық бөлігінің тазалығына көп көңіл аудару керек: объективтерге, окулярға, конденсорға, айнаға. Олардың шаңын микроскоптың өзімен бірге келген, арнайы кисточкаларымен ғана қағу керек, содан кейін барып жабық жерде сақталған мақтамен, немесе мақтадан тоқылған таза шүберекпен сүртеді. Аздап ластанған болса, сүртудің алдында линзаны үрлеу керек. Егер кір калып қойса, онда шүберекті сулау керек. Егер бүл жагдайдың өзінде де линзада дақ қалып койса, онда шүберекті таза бензинге немесе спиртпен эфир қосылған ерітіндіге салады. Линзаны саусақпен, кез келген қағазбен, немесе шүбе-рекпен сүртуге болмайды.

Жұмыс кезінде линзаның механикалық жолмен зақымдануына, сүйық заттарға, әсіресе қышқылдарға, реактивтерге және кесінділерге қолдануға дайындалған ерітінділерге тигізуге жол бермеу керек.


Микроскоптың механикалық бөлігімен жұмыс істеген кезде қиындықтар туса, оған күш қолданбау керек. Бүл жағдайда алдымен кемшіліктің себептерін анықтап содан соң барып оларды жояды.

Жұмыс толық аяқталған соң, микроскоптың барлық бөліктерін сүртіп, оны полиэтиленді қапшықпен жауып, шкафқа салып қояды. Микроскопты бір жерден екінші жерге екі қолмен апарады: қолдың біреуімен тубус үстағышты, ал екіншісімен штативтің табанын ұстайды.



Үсақ объектілерді зерттеуге және олардан препараттар жасауға, өтпелі немесе шағылысқан сәулелері объектінің тікелей және үлкен көрінісін беретін стереоскопиялык, микроскоптарды (МБС-1, МБ-52-1) пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет