Карбон қышқылдары әлсіз қышқылдарға жатады. Сірке қышқылының диссоциациялануын көрсететін реакция теңдеуін көрсетіңіз.
СН3СООН↔СН3СО++ОН-
СН3СООН+Н2О↔ СН3СОО-+Н3О+
НСООН ↔ НСОО- + Н+
СН3СН2СООН+Н2О↔СН3СН2СОО-+Н3О+
[1]
IUPAC номенклатурасы бойынша заттарды атаңыз немесе құрылымдық формуласын сызыңыз.
Атауы
Формуласы
А
В
Фенилэтанон
С
D
2-метилпропанол-2
[4]
Бутен-1 молекуласы кеңістік және класаралық изомерлерді түзе алады. Әр изомерлердің құрылымдық формулаларын сызып көрсетіңіз.
[3]
Белгісіз Х органикалық заты жанғанда көмірқышқыл газын және су түзеді. Х заттың құрамында 80% көміртек атомы және 20% сутек атомдары бар. Заттың молекулалық массасы 30 г/моль. Х затының молекулалық формуласын табыңыз.
[2]
Х затының жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.
[1]
[Барлығы 3]
Алкен және алкин қанықпаған көмірсутектерге жатады, екеуі де галогендермен реакцияға түседі.
і) Алкен мен алкиннің қарапайым қосылысының формуласын жазыңыз және оларды атаңыз.
[1]
іі) Төмендегі сурет бойынша алканды алкеннен қалай ажыратуға болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
[1]
ііі) Кез келген алкен мен алкиннің бром суымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз.
[2]
[Барлығы 4]
Алкендердің құрамында қос байланыс болғандықтан, полимерлену реакцияларына оңай түседі. Пропеннің полимерлену реакциясын жазыңыз және қолданылуына мысал келтіріңіз.
Реакция теңдеуі:
Қолданылуы:
[2]
Елімізде биоотын өндірісі қарқынды дамып келеді. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Биоэтанол – биоотынға жатады.
Төмендегі суретке қарап биоотынның артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз? Биоэтанодың алу жолын реакция теңдеуі арқылы көрсетіңіз.
[3]
Этанолды зертханада гидратация әдісі арқылы алады. Реакция теңдеуін жазыңыз.
[1]
Этанолдың қолданылуына мысал келтіріңіз.
[1]
[Барлығы 2]
Нәруыз адам ағзасына аса қажет қоректік зат. Нәруыздың қызметі қандай?