Бүгінгі тақырыпты төмендегі әріптердің ішінен іздеңіздер
10.02.2021ж
Тірі ағзаларды микроскопиялық зерттеу
Оқу мақсаттары:
5.4.2.3.Микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану
5.4.2.4.Уақытша микропрепарат дайындау
Микроскоп тарихы
https://www.youtube.com/watch?v=I0LRX5WqC8M
Микроскоп құрылысы
Микроскоптың екі түрі болады: жарық және электронды. Мектепте және көптеген зертханаларда жарық микроскопын қолданады, онда айнаға түскен жарықты немесе электр жарығын пайдаланады. Мұндай микроскоптағы жарық сәулесі заттық үстелдің саңылауы мен зерттеу нысанынан өтеді. Окулярға қарап, суретті бұрандалардың көмегімен реттеп, зерттелетін нысанды 100-ден 1 000 есеге дейін ұлғайта отырып көруге болады (мысалы, жапырақтың жабын ұлпасын).
Окуляр
Нысанның кескінін ұлғайтады.
Тубус
Окулярдың бекітілетін орны.
Бұрандалар
Заттық үстелдің биіктігін реттейді.
Штатив
Микроскоптың негізі, оның барлық бөліктерін бекітуге арналған.
Қыстырғыштар
Заттық шыныны заттық үстелге бекітеді.
Револьвер
Объективтің бекіну орны.
Объектив
Зерттеу нысанының кескінін ұлғайтады.
Заттық үстел
Заттық шынының зерттеу нысанымен орналасатын орны.
Айна
Жарық сәулесін заттық үстелге шоғырландырады (электрлік микроскопта болмайды).
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері
Микроскопты қолданар алдында объектив, заттық үстел және айнадағы шаңды құрғақ шүберекпен сүрту керек.
Микроскопты үстелдің шетінен 2-3 см қашықтықта, тубусты өзіне қаратып орнату қажет.
Микроскоппен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Микроскоптың бөлімдері
Суреттегі реттік сандары
Қызметі
Окуляр
Заттық үстелдің биіктігін реттейді.
Тубус
Микроскоптың негізі, оның барлық бөліктерін бекітуге арналған.
Бұрандалар
Объективтің бекіну орны
Штатив
Окулярдың бекітілетін орны.
Қыстырғыштар
Жарық сәулесін заттық үстелге шоғырландырады (электрлік микроскопта болмайды).
Револьвер
Заттық шынының зерттеу нысанымен орналасатын орны.
Объектив
Заттық шыныны заттық үстелге бекітеді.
Заттық үстел
Зерттеу нысанының кескінін ұлғайтады
Айна
Нысанның кескінін ұлғайтады.
Тапсырма 1 \жұптық жұмыс\
Дескриптор:
сурет пен кестені пайдалана отырып микроскоп бөлімдерінің аттарын, қызметтерін анықтайды.
Тапсырма 2 \жеке жұмыс\
Дескриптор:
Өсімдік жасушасының құрылысын сипаттайды
Тапсырма 3 \жұптық жұмыс\
Пияз қабықшасынан уақытша препаратты дайындау
1. Пияздың құрғақ қабығы жанды қабатынан бөліп алынады.
2. Қабыршақтың сыртқы жағынан өлшемі 1х1 см болатын кесінді кесіледі, одан қабығы сылынып алынады.
3. Жапырақ қабығы заттық ине және қысқыштың көмегімен жабын шынының ортасына салынады.
4. Қабыққа бір тамшы йод тамызылады.
5. Қабық жабын шынымен жабылады және одан әрі микроскопиялық зерттеу үшін заттық үстелге қойылады.
Дескриптор:
Пияз қабықшасынан уақытша препарат дайындап микроскоппен көреді
Филворд шешу
Сабақта жиі кездескен сөздерді табады.
«3:2:1» әдісі / Кері байланыс
Жаңа тақырып бойынша есіңде қалған 3 маңызды ұғым. 1......... 2......... 3.............