6. Митохондриялар.Митохондрияның формасы алуантүрлі болады, дөңгелек, сопақша, цилиндр төрізді, гантел тәрізді, бүтақтанып тармақталған және т.б. Олардың ұзын-дығы 2—5 мкм. (цилиндр тәрізді формаларының үзындығы 7 мкм.) болады, ал көлденеңі 0,3—1 мкм.-ден аспайды. Митохондриялардың сыртында екі қабат мембранасы болады (5 сурет). Ішкі қабатынан тарақ төрізді немесе
5-сурет.Митохондрия (сызба-нұсқасы):1- сыртқы мембрана;2- ішкі мембрана;3- криста; 4-саңырауқулақ тәрізді бөлшек. түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскіндер пайда болады. Оларды кристалар деп атайды. Кристалар митохондрияның мембраналық бөлігінің көлемін біршама арттырады. Кристалардың арасындағы кеңістіктерді сұйық зат - матрикс толтырып тұрады, онда рибосомдар мен дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) болады. Мембрананың үстін жұмыр басы және аяғы бар (саңырауқұлақтар тәрізді бөліктер) үсақ денешіктер жауып тұрады. Митохондриялар клетканың энергия жинайтын лабораториясы. Осында отгегінің қатысумен углеводтар, майлар және басқа органикалық заттар ыдырайды және АТФ синтезделеді. Ты-ныс алу кезінде босаған энергия АТФ-ның молекуласы-ның макроэргикалық энергиясының18 байланысына ауыса-ды. Содан соң ол клетканың тіршілік әрекетіне қатысты бөліну, copy, әртүрлі синтездердің нәтижесінде пайда болтан заттарды бөліп шығару және т.б. процестерді іске асыруга қатысады. Митохондряларды екі түрлі жолмен: ядро дан бөлініп шығатын инициалды бөліктерден және мито-хондриялардың өздерінің бөлінуінің нәтижесінде пайда болады деп есептейді. Митохондриялар бір орыннан екінші орынға жылжып ауыса аладьі. Олар тіршілік процестері жылдам жүретін ядроның, хлоропасттардың және басқада органелдердің айналасында жиналады. Бұл өсімдіктердің де, жануарлардың да клеткаларында міндетті түрде болатын органелла.
7. Пластидтер. Тек өсімдіктерде ғана болады. Бүл органоидтардың сыртында екі қабат мембранасы болады.Түсіне қарай пластидтерді үшке бөледі: көк түсті - хлоропластар; сары, қызғыш, қызыл түсті —хромопластар; түссіз — лейкопластар Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каро тин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу (фотосинтез) болып табылады. Сондықтанда хлоропластар өсімдіктің тек күннің жарығы түсетін, жер бетіндегі органдарының клеткаларында ғана болады. Өсімдіктердің түсінің жасыл болуы хлоропластарға тікелей байланысты болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде хлоропластардың формасы көп жағдайда линза тәрізді болады. Олардың диаметрі 4—6 мкм., ал қалыңдығы 1—3 мкм-ден аспайды. Балдырларда жасыл пластидтерді хромотофора деп атайды, олардьщ формасы мен мөлшері алуан түрлі болады. Олар-дың формасы жүлдызша, лента, тор төрізді және басқаша болып келеді. Әдетге цитоплазмада 1-ден 50-ге дсйін хлоропластар болады. Олар цитоплазманың қабықшаға жа-қын қабатгарында орналасады. Жарық шашыраңқы түскен-де хлоропластар клетканьщ қабықшасына жақын орналаса ды және оларға жалпақ жағымен бүрылып түрады, ал ашық күнде олар клетка қабықшасына керісінше жіңішкс жағымен бүрылады немесе бүйірлік қабықшаға ауысып түрады. Хлоропластардың ішінде строма деп аталынатын заттар болады. Олар арқылы па раллель орналасқан мембраналардың системасы өтіп жа-тады (6-сурет). Мембраналар жалпақ қапшық тәрізді болады, оларды тилакоидтар немесе ламеллалар деп атай-ды. Жоғарғы сатыдағы өсім-діктердің көпшілігінің тила-коидтарының бір бөлігінің формасы диск тәрізді бола ды. Бұл тилакоидтар топтасып грандар деп аталынатын бірінің үстіне бірі қаланған