Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі


Сурет 2. Биологиялық мембрананың көлденең кесіндісі.1- фосфолипидттер, 2- белоктық қабат. Гиалоплазма -



бет7/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
2 апта ботаника

Сурет 2. Биологиялық мембрананың көлденең кесіндісі.1- фосфолипидттер, 2- белоктық қабат.

Гиалоплазма - цитоплазманың сұйық бөлімі. Гиалоплазма белсенді (активті) түрде қозғалуға қабілетті.] Егер клетканың ортасында бір ғана вакуоль болса, онда гиалоплазма клетка қабықшасының үзына бойымен бір бағытта айналып қозғалады. Ал вакуольдер бірнешеу болса онда гиалоплазма орталық вакуольді кесіп өтетін цитоплазманың сілемдерінің бойымен әртүрлі бағытта шашырап (струйчатый) қозғалады. Гиалоплазманың қозғалу жылдамдығы температураға, жарықтың қарқындылығына, оттегімен қамтамасыз етілуіне және басқа да факторларға байланысты болады. Қозғалған кезде гиалоплазма өзімен бірге органелдерді қозғалысқа келтіреді.

Гиалоплазманы ң атқаратын қызметі үлкен: ол органелдердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді, зат алмасуға, клеткадағы заттарды тасымалдауға қатысады, тітіркенуді сездіреді және тағы басқалар.

Цитоплазма оргоноидтарының түрлері мен құрлысы және қызметтері төменде көрсетіліп отыр, оларға мыналар жатады :

1. Эндоплазматикалык, ретикулум (эндоплазматикалык, тор). Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналар-дың системасы (3-сурет). Ретикулумның (тордың) екі формасы болады — гранулярлы (кедір-бүдырлы) және агранулярлы (жылтыр).

Екі фазадан: дисперсионды- түтас сұйық ортадан және дисперсті - дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсакталған заттардан тұратын система.

Гранулярлы эндоплазматикалық тордың үстінде ұсақ түйіршіктері — рибосомалары болады. Гранулярлы эндоплазматикалық тор клеткада өте маңызды қызметтер атқарады: ферменттерді синтездейді, клетка іш індегі заттарды тасымалдайды, жақын жатқан клет-калармен байланысты қамтамасыз етеді (плазмодесма-лар15 арқылы), жаңа мембраналардың, вакуольдердің және кейбір органелдердің пайда болуын қамтамасыз етеді.

Агранулярлы эндоплазматикалық тор гранулярлы тор­ дьщ ідистернасынан кететін тарамдалған түтікшелерден тұрады. Әдетте ол гранулярлы торга қарағанда нашарлау дамыған. Эфир майларын, смоланы, каучукті синтездеуге жоне тасымалдауға қатысады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет