Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі


Клетка үш бөлімнен тұрады; 1-протопласт, 2- вакуоль, 3-клетка қабығы



бет6/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2 апта ботаника

Клетка үш бөлімнен тұрады; 1-протопласт, 2- вакуоль, 3-клетка қабығы.


  1. Протопласт. Цитоплазма.

Цитоплазма мембраналардан түратын клетканың құрамды бөлігі. Оның құрылысын жұқа (4-10нм), біршама тығыз белоктардан және фосфолипидтерден тұратын биологиялық мембраналар түзеді. Биологиялық мембраналардың негізін липидтер құрайды. Липидтердің молекулалары белгілі бір жүйеде орналасқан, яғни клетканың қабық-шасына екі қабат болып перпендикуляр орналасқан.

Әдетте оның сумен тығыз қарым-қатнаста болатын бөліктері клетканың сыртына қарай бағытталған, ал сумен нашар қарым-қатынаста бола­ тын бөліктері керісінше оның ішіне қарай бағытталған (2 сурет ).

Липидтен түратын тректің (каркастың) екі жағынан бірдей белоктың молекулалары түтас қабат түзбей орналасады. Олардың бір бөлігі липидтік қабатқа еніп түрады, ал екінші біреулері осы қабатты тікелей жарып өтіп судың өтуіне мүмкіндік беретін участок түзеді. Мембраналар цитоплазманың шекарасын бөлетін қабат түзеді, сонымен бірге оның органелдерінің сыртқы шекарасын да бөліп түрады және олардың ішкі қүрылыстарының структурасын түзуге де қатысады. Мембраналар цитоплазманы бір мезгілде бір-біріне байланыссыз қарама-қарсы бағытта биохимиялық процестер жүретін жеке бөліктерге (отсектерге) бөледі (мысалы, синтезделуі және ыдырауы жүретін). Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі сұрыптап өткізгіштігі (жартылай өткізгіштігі).

Цитоплазма екі бөліктен тұрады:

1.гиалоплазмадан 2.цитоплазма оргоноидтарынан








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет