3..Клетканың алуан түрлілігі.
Клеткалардың формасы мен мөлшері алуан түрлі больш келеді және олар орналасуы мен агқаратын қызметгеріне тікелей байланысты болады. Клеткалардың формасы негізінен көп қырлы денешіктер түрінде больш келеді. Олардың формасының бұлай болып қалыптасуы, жақын орна-ласқан клеткалардың бір-біріне қысым түсіруімен тікелей байланысты болады. Еркін өсетін клеткалардың формасы шар, жұлдызша, цилинр тәрізді және тағы басқаша болып келеді. Клеткалардың алуан түрлі формаларын паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей не-месе одан 2—3 еседен артық болмайды, ал прозенхималық клеткалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық болады (44-сурет). Жоғарғы сатьщағы өсімдіктердің клеткаларыньщ орташа ұзындығы 10—100 мк-ге тең. Ең үлкен паренхима-лык, клеткалардың ұзындығы бірнеше миллиметрге жетеді және жай көзге көрінеді. Оларға қарбыздың, лимонньщ жемістерінің және картоптьщ түйнегінің клеткалары мысал болады. Әсіресе зығырдың, қалақайдьщ, раманың сабақта-рының прозенхималық клеткалары үлкен ұзындыққа жетеді. Бірақта бактерияның клеткаларыньщ кішкентай болатын-дығы сонша (0,5—5 мкм), оларды оптикалық микроскоптың ең үлкен үлкейткішінің өзімен зорға көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |