2.Клетканы зерттеу тәсілдері.
Клетканы зертгеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәсілмен жүмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен роль атқарып келеді, оның қазіргі кездегі модельдері объектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп көрсетеді. Оптикалық микроскоп-тардьщ көмегімен жүқа кесінділерді, олар арқылы тік өтетін немесе айнаға шағылысқан жарықтың сәулелерін пайдалана отырып зерттейді. Физикалық контрастық жабдықтарды пайдалана отырып, жарыкдъщ сәулесін бірдей сындыратын, бірақ тығыздықтары әртүрлі болып келетін, тірі клеткалардың компоненттерінің құрылысьш зертгейді. Бірақта жарықтың табиғатына байланысты оптикалық микроскоптың мүмкіндігі шектеулі болады. Мұңдай микроскоп арқылы 0,2 мкм910-ден үсақ бөлшектерді көру мүмкін емес.
Электронды микроскоп объектіні 200—300 мың есе, тіптен оданда көп етіп үлкейтіп корсете алады. Мүнда жарықтың сәулесінің орнына, үлкен жылдамдықпен келе жатқан электрондардың ағыны пайдаланылады. Зерттелетін кесінділердің қалындығы 0,05 мкм-ден аспау керек және арнайы бояулармен боялған болуы шарт. Электрондардың тасқыны кесінді арқылы өтіп, электронды магниттік линзалардың көмегімен шашырап жайылады, содан кейін барып электрондардың соққысынан жарық беретін экранда, немесе фотопластинкада оның кескіні (проекциясы) түседі. Электронды микроскоп арқылы мөлшері 1,5 нм,0-дай бо-латын қүрылымды көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |