Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
2 апта ботаника

3-сурет. Эндоплазматикалық ретикулум (схема): 1-гранулярлы ретикулумның цис-тернасы; 2-агранулярлы ретикулумның түтікшелері; 3-рибосомдар; 4-цистернадағы терезелер (окно)
2. Рибосомдар. Рибосомдар диаметрі 20 нм.дай гиалоплазмада болатын, немесе эндоплазматикалық тордың мембранасының үстіне бекініп тұратын түйіршіктер. Олар митохондриялардан да, пластидтерден де табылған. Рибосомдар белоктан және рибонуклеин қышқылынан (РНК) тұрады, мембраналық структурасы болмайды. Рибосомның атқаратын қызметі белокті синтездеу, яғни тірі материяны өзі жасап шығару болып табылады. Бүл процесс топтасып орналасқан және бір-бірімен и РНК16-ның жіп тәрізді молекулаларымен байланысқан рибосомаларда жүреді. Ондай топтарды (группаларды) полисомалар деп атайды. Рибосомдарды ядрода пайда болады.

Тіршілік процестерінің барысында цитоплазмадағы және ядродағы белоктар үнемі алмастырылып, жаңартылып отырады, сондықтанда рибосомсыз клетка ұзақ өмір сүре алмайды. Информациялық РНК әр түрлі белоктардың синтезделуіне қажстті және ядрода жиналған генетикалық моліметтерді рибосомға жсткізіп отырады.

3. Гольджи аппараты. Диктиосомалардан және Гольджи көйіршіктерінен тұрады (4-сурет). Диктиосома 5—7 жалпақ цистернадан тұратын агранулярлы мембраналармен қоршалған жиынтық (стопка). Цистернаның диаметрі 1 мкм.-дей, ал қалындығы 20—40 нм.-нан аспайдЦистерналарбірбірімен түйіспейді. Гольджи көпіршіктері цистерна-ның шеттерінен бөлініп шығып, гиалоплазманың барлық жеріне таралады.Диктиосома-да полисахаридтер синтезделіп

4-сурет. Гольджи аппараты (сызба-нұсқасы):

1-диктиосомдардың цистерналары; 2-гольджи көпіршіктері.
жиналады және сыртқа шығарылып отырады. Гольджи көпіршігі оларды сол күйінде тасымалдап плазмалеммаға жеткізеді. Көпіршіктердің мембраналары плазмалеммаға тізіліп тұрады, ал оның ішіндегі заттар плазмалемманың сыртында қалып қойып отырады және олар клетканың қабықшасына қосыла алады. Гольджи көпіршігі сондай-ақ тонопластқа да қосыла алады.

Диктиосоманың қайдан шыққаны әлі толық дәлелдене қойған жоқ. Олардың пайда болуына эндоплазматикалық тордың қатысы болады деп қарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет