Жабық тапсырма Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды соған баиланысты оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады. Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мазмұныны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.