«Математика, физика және информатика институты»



Дата29.05.2022
өлшемі115,64 Kb.
#145383
Байланысты:
Аружан 83-86


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті


СӨЖ
Институт: «Математика, физика және информатика институты»
Мамандық: «6В01501»
Группа: «МОК - 212»
Дайындаған:Смағұлова Аружан
Тексерген: Халидуллин Гизатулла


Алматы, 2022ж

83.«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы. Тарихы, басшылығы, идеологиясы.


Нұр Отан— Қазақстанның билік етуші ең ірі саяси партиясы. Партияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Партия 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды. Басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов Негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев Құрылған жылы 1 наурыз 1999 жыл Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан, Д. Қонаев к., 12/1 Идеологиясы Центризм Жастар ұйымы Жас Отан Мүшелер саны 1 млн. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X сьезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтықдемократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. 2022 жылы 1 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің ірі реформаларымен бірге, партияның атауында өзгерту ұсыныс бергенде, партияны «AMANAT» деп атауға ұсынған. Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов 26 сәуір 2022 жыл, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 28 қаңтар 2022 жыл – 26 сәуір 2022 жыл, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Сергей Александрович Терещенко (наурыз 1999.ж – қараша 2002.ж),Амангелді Дінұлы Ермегияев (қазан 2002.ж – наурыз 2004.ж),Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (2005 – 2008ж.ж.),Дархан Аманұлы Кәлетаев (2008 – 2009 ж.ж.),Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (19 қараша 2009.ж – 24 қыркүйек 2012.ж),Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (қыркүйек 2012.ж – қаңтар 2013.ж),Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (қаңтар 2013.ж – 9 тамыз 2015.ж),Асқар Исабекұлы Мырзахметов (8 тамыз 2015.ж – 6 мамыр 2016.ж),Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед (6 мамыр 2016.ж – 1 ақпан 2018.ж),Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (1 ақпан 2018.ж),Бауыржан Қадырғалиұлы Байбек 2022 жылдан бастап Атқарушы хатшы.

84.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-бүгінгі күнге дейін)


Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударды.
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қойды. 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды.2004 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. 1992жылдың мамыр айында Елбасы сапары барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. .Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

85.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында саяси партиялар, қоғамдық, қөзғалыстар мен ұйымдар.


Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көп- партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» үлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық- кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты қүқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жэне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық пар-тиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) қүрылды. 2002 жылдың 2- жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының қүрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың қүқықтық негіздері, олардың қүқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен жэне басқа үйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азамат- тық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бүл қоғамның сая¬си жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси қүқықтардың қамтамасыз етілгенін дэлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. «Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партия¬сы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Pec- публикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеу- меттік эділдік, демократиялық қүқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, үлтаралық жэне азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның түрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Ре-спублика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Қорытып айтқанда, мүның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған түста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.

86.Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюуы.


Этно-демографиялық дамудың осы және басқа тенденциялары, әсіресе Қазақстанның көпұлтты тұрғындарының күшею процесі қазаннан кейінгі кезеңде, Кеңес өкіметі жылдарында кенет түрткіні алды, бұл әлеуметтік индустриаландыру, ұжымдастыруды жүзеге асырумен, басқа әлеуметтік-экономикалық өзгертумен, Ұлы Отан соғысының салдарларымен байланысты болды. Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын түгендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған. Қазақтардың тәуелсіздік жағдайында саны өсіп, үлесі көбеюі екі факторға байланысты болды: 1) табиғи өсім; 2) сыртқа кететіндерден келетіндердің көп болуы - оң айырым, соның ішінде, әсіресе отандастарымыздың оралып, тыңғылықты орын табуы. Қазақ ұлтының өсіп-өніп көбеюіне, соның нәтижесінде республика тұрғындары арасында өз үлесінің көтерілуіне шет жерлерден қайта оралған отандастарымыздың да әсері күшті болды. Қазақстанға бағытталған бұл көші-қон үрдісі 1918-1920, 1933-1935, және 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың басында жүріп өтті. Қазақтардың әлеуметтік-демографиялық дамуында әлі де келеңсіз жағдайлар кездесетінін де айтқан жөн. Табиғи өсім жағынан қазақтар басқа түркі-мұсылман этностарынан әлі де едәуір кейін қалып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет