Тақырыбы: Татулық – достық кілті



Дата28.06.2017
өлшемі53,21 Kb.
#20468
«Абай атындағы орта мектеп» ММ-сі

Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Татулық – достық кілті»

5 «А» сынып

Сынып жетекші: Бисенова Жанат

2013 жылы


Тақырыбы: «Татулық – достық кілті»

Күні _________________ Cынып __________________

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық

Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.
Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

Топты түрлі-түс қағаздармен бөлу. Топтың атын оқушыларлың өздері қою.



  1. Топ. «Татулық»

  2. топ . «Сыйластық»

  3. топ . «Ынтымақ»

  4. топ. «Бірлік»

Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру
1-өлке. «Аққуды атпа,

Досыңды сатпа!»


2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған.

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

Сахна оның жолдасы»

1- өлке. «Аққуды атпа, Досыңды сатпа»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпау деген не?
- Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
- Досы үшін өзінің басын қатерге тосу керек.

2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

3. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

4. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

5. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

6. «Досы … , өзі де жақсы».

7. «…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

8. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

9. « Досың мың ….,

біреу болса да көп».

10. « … адам тамыры жоқ … тең»

11. « … дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

4. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

5. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

6. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

7. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

8. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

9. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

10. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

11. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған сұрақтар.

1.Дос сөзін қалай түсінесіндер?

2. Достық дегеніміз не?

3. Шын дос қандай болуы керек?

4. Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.

М. Мақатаев

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!


Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.

Достарың көп пе?


Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!

Дос болам десең,


Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Дос жүрегі шар айна,

Сылтауыңа қарай ма,

Бүлдіріп алма қалайда,

Кір шалдырма жарай ма!

Шимайланса шар айна,

Жанарды тартар жалтырап,

Дос жүрегі – бал бұлақ.


5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

Сахна оның жолдасы»

Көрініс. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
- Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

Қорытындылау
- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.

Дос болайық бәріміз


Сөзін жазған X. Талгаров Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет