Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы



Дата26.06.2018
өлшемі25,76 Kb.
#45147


Абдулханова Оразкул

Қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

№19 жалпы орта мектебі

Түркістан қаласы

Оңтүстік Қазақстан облысы



Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы

Мұқағали Мақатаев - біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. М.Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам, миллион түрлі пікір пайымдасада ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.

(Әбділда Тәжібаев)

Қазақта ғұлама да, данышпан да қайталанбас өнерпаздар да бар. Ұлттық болмысымызға олар өзіндік үлес қосып, мәдениетімізді, әдебиетімізді дамытты. Олармен біз мақтана да аламыз. Алайда олардың азаматтық болмысы туралы айтар болсақ, олардың табиғаты әр түрлі. Өмірде адам бір тамаша өмір сүруі мүмкін емес. Бірде қуанады, бірде ашуланады, біреуге ренжиді. Әйтеуір өмір өткелдерінен өтеді.

Қазақ поэзиясының ақиық ақыны М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Қарасаз елді мекенінде балалық шағы өтті. Анасы Нағиман Батанқызының айтуы бойынша: Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адам еді. Тиын деген әжесі бар еді...

Мұқағали бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті ауданы орталығы - Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты. Өзге балалар жоғары оқу іздеп кеткенде Мұқағали хатшы болып қызметке тұрады. Он – он төрт жасынан бастап өлең жаза бастады. Үйде қалың – қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін, бірін оқып жататын. Ауылдың атқа мінерлері сол кезден – ақ таңданатын «Нағиман шеше сіздің тентегіңіз. Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр, - дейтін.... Сөйтсем, ол өзін – өзі оқытыпты ғой шырағым» .

Қазақ поэзиясының аспанында ерекше ерекше нұрланып, жанып, жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали 9 ақпанда 84 жасқа толады. Дүниеге келген «Нәрестеге Мұқамедқали» деп ат қойыпты. Себебі, сол ауылда аупарткомда өзінің білімі мен адамгершілігімен көпке үлгілі болып жүрген жігіттің есімі Мұқамедқали есімді жігіт болыпты. Сол жігіттей еліне елеулі азамат болсын деп нағашысы қойған. Жеңгелері паймғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есім қадір – қасиетін түсініп алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар» деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді. Сол Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Әжесі мейірімді, кісілігі мол, адуынды да бола алатын адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуды сұрады. Ән тамаша болып шықты. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» - деп қатты қуанды.

«Сөнбейді әже шырағың» бұл өлеңде анасы соғысқа кеткен ұлын күтуі туралы жазылған. Бұл өлең соғыстың біткеніне 30 жыл болған. Соғысқа кеткен ұлын ана сарғайып күтуде. Өзге жауынгерлер елге оралды. Жеңістің туын көтерді. Қарта ана баласын күтіп, жолға қарайды.

Жалғызым оралмады, оралмады,

Қиын ғой тірі жанның жоғалғаны....


Сөнбейді, әже, шырағым,

Өзіңді әнге қосамын

Жеті қат жердің астына

Жетпейді – ау менің осы әнім


Ел басына түскен қиыншылықты аналар мен балаларда көтерді. Олар масақ теріп, үлкендерге көмектесті. Өгізді жеккен соқамен жер жыртып, егін екті. Соғыс уақытында Мұқағали да балалық шағын осылай өткізді. Өмірдің осы кезеңін өлеңге арқау етті.

Қарсы жауға бізде шықтық түренмен

Аңыздардан тере жүріп масақты

Рас, рас көзімізден жас ақты

Бірақ, осы бір дауыл жылдар, от жылдар

Бәрімізден бір - бір батыр жасапты


Жылдар жылдып өтеді. Жыл өткен сайын Мұқағалидың жыр керуені алға жылжи береді. Күн сәулесі жер бетіндегі әрбір ой мен қырға түсіп, жер бетін жарық нұрға бөлейді. Мұқағали жырлары да күн сәулесіндей адам бойына ізгілікті, қарапайымдылық пен өмірге сүйіспеншілігін арттыратындай дем береді. Әрбір өлең жолынан өмірдің сан қилы екенін көруге болады.

Мұқағали – ұрпақ туралы терең толғайды. Салт – дәстүрімізді жалғастыру үшін соңымыздан ерген бала болу керек. Сонда ғана шаңырағымызда ұрпақ сабақтастығы жалғасады. Ұрпақ бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзіндік қуанышы мен қызығы болады.


Ақын

Не сұрайды, мына бала?

Сұрағанын берсеңші

Жылағанын естігенші

Бұл өмірден өтсенші


  • деп жырлады, әрбір сәбидің жыламай өсуін тілейді. Сәби – біздің

болашақ ұрпағымыз. Әр үйде сәбидің күлкісін, ананың әлдиін есту қандай бақыт. Осыны жырға қоса білген ақын өлеңін еске түсірейік.
Құста болғым келмейді қанатым бар

Қанатым бар күмістен жаратылған

Әлди болғым келеді, әлди болғым

Баласы жоқ ананың құшағында

яғни от, құста болғысы келмей ананың құшағында сәби болғысы келетінін байқадық. Егер сен сәби болсаң, бұл өмірде еш хабарың жоқ. Біреудің қуанышы, не реніші туралы ойланбайсың. Балалық шағың ең бақытты кездерің.

Қазақ тілінің сөздері бейнелі, иірімді деп Ғ.Мүсірепов айтқандай М.Мақатаев өлеңдерінде де ішкі иірімдері сезімді тербете, ойды шымырлата сөз маржандарын тереді. Қазақтың өлеңіне шекпен жауып қайтарған қара өлеңде өмір үндестігі, дыбыс толқындары үйлесіп турады. Сондай - ақ, халық педагогикасын өлеңмен өрбітеді. Өлеңде қойшы жайып жүрген малын өзеннің арғы бетіне айдап өтпекші болады. Қой бастаған серкені, қошқарды айдаса да, судан өтпей қаша береді. Оған ашуланған қойшы бала ешкіні ұстап сабайды. Оның маңыраған даусы алыста жүрген қарт шопанға естіледі. Қарт шопан келіп, мән – жайды танысқан соң, былай деді: «Шырағым, суға өзің түспесең, мал қайдан өтеді» - деп, етігін шешіп, балағын түреді. Өзен суын жайлап кешіп жүреді. Өзен ортасына келгенде, артынан ешкі, қойлар да суға түсіп келеді екен. Малдың жайын білген қария өмірдің тәжірибесін қой бағып жүріп жинаған. «Малдың жайын мал баққан біледі» деген ойды ақын өлеңмен өрнектеген.

Жалпы адамдар арасындағы жарасымдық пен келісімді жырлағанын көреміз. Адамдар арасындағы бақыттың біреуге қонуы немесе өмір толқынында көрген қиыншылықтары, олардың күйзелісін өлеңге арқау етті. Ақын жүрегі сезімтал осыны көре білу – оның азаматтығы.

Жырдағы ана, бала, әке бейнелері өз дәрежесінде жырға арқау болған. Әкесі соғысқа кетіп оралмағанын Отан үшін соғыста жанын бергенін көрсетеді.

Әкесін сағынып:

Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен

Мінеки көп ай болды, хабары жоқ

Әкем кеп көңілімді аулар ма екен?


  • деп жазады. Бұл мектеп жасында оқып жүргендегі жазған алғашқы өлеңдерінің бірі. Адамның ішкі дүниесіндегі тебіреністі, толғанысты сыртқа ой иірімдерімен өрбітеді.

«Анкета» өлеңінде өмірбаян жазады. Осындай өлеңдерді Маяковскийдің «Паспорт» туралы өлеңінен де көре аламыз. Москва білім алуы, оның ақыл – ойын, ой – өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде «Түсіме тау кіреді», «Жүрегім менің - Жанартау» өлеңдері дүниеге келген.

Ұстаздары Мұқағалиды жақсы көретін. Бүкіл студент ішінен ақынның атын есте сақтап шақыруы соның дәлелі. Мәскеуден келген соң Есени, Маяковский, Пушкинмен қоштасу өлеңдерін жазды. Сонымен қатар «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы дүниеге келді. Бірнеше новелла, поэма соның куәсі. Жұлдыздар бір – бірімен сырласқандай оның өлеңдеріндегі табиғат лирикасы да орын алды. Онда аспандағы бұлт, ақ жауын нөсері, шуақты күн, самал жел, ақ қар, жымыңдаған жұлдыздар шығармаларында орын алған.

«Күн шуағым» өлеңінде:

Тағы да таң атады, күн шығады

Түн шығады, тіршілік тұншығады

Ауысып – алма кезек тұрсын әлі

Ей, менің өмірімнің күн шуағы
Енді бірде:

Жақсылық орнасын жер бетінде

Аққу тіле айдынның келбетіне

Айдын тіле аққуды тербетуге


Келесі өлеңінде:

Таулардан самал ессе балағынан

Гүлдер тұр үзілуге сабағынан

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күннің алтын табағынан
Ақыннан «Сен өлеңді қалай жазасың?» деп сұрағанда «Өлеңді мен жазбаймын, тек құлағыма сыбырлайды» деген екен.

Мен өлеңді жырламаймын, тек сырласамын,

Өзім сияқты замандаспен мұңдасамын

Сондықтан аяғымды абайлап бір басамын



  • деген ақынның өлеңін оқығанда, өзің де сол Мұқағалимен сырласқандай боласың.

Жылдың төрт мезгілін жырлаған Абай ақын өзге ақындарға үлгі бола білді. Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңімен табиғаттың сол кездегі бейнесін тамаша суреттеген. Сондай – ақ, Мұқағали да табиғатпен жыл мезгілдерімен сырласады. Күз бейнесін «Күрең күз» өлеңінде арқау етті.

Күз соңынан қыс келер

Анау – аспан, мынау – бақ

Аспанда бұлт, бақ – жадау

Мамық ұшты қылаулап

Қыста келіп қалған ау
Қу бұтағын құшақтап

Түксиеді кәрі емен

Қыс – тазалық, қыс – аппақ

Әрі – өкініш, әрі – өлең


«Киелі жер» өлеңінде жылдың төрт мезгілін бір өлеңге жинақтаған.

Жазы бар жалынмен жандырған

Қысы бар аязы қардырған

Көктемі балауса – бір арман



Ал күзі алып – бір қырман

Өмірдің шындығы мен табиғаттың тынысын жыл мезгілдеріндегі адам тіршілігін қоса жырлаған.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет