Кіріспе. Қазақ ғылымында урбанизация география, экология, туризм, әлеуметтану лингвистика ілімдері тұрғысынан зерттелген. Алайда қазақ
әдебиетіндегі урбанизация, урбанистік әдебиет кейбір ғылыми мақалаларда ғана екі ауыз сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Біз зерттеуімізде қазіргі заманның негізгі үрдісіне айналған және ғылым мен өнердің барлық салаларында кеңінен өріс алған урбанизм, урбанизация мәселесін зерттеу обьектісі етіп алдық.
Әдебиеттегі урбанизм (оның
тақырыбы, образдары, стилі) техникамен және индустриямен жоғары дамыған үлкен қаладан, қалалық тұрмыстан, қалалық сәннен туындаған психиологиялық ерекшеліктерінің көрінісі. Қала тақырыбы XIX ғ. екінші
жартысынан бастап пайда болып, өнеркәсіптік капитализмнің даму шамасына қарай әлем әдебиетінде үлкен мәнге ие бола отырып, ең алдымен реализм арқылы көркемдік шешімін тапты. Әдебиеттегі әдеттегі ауыл өмірі, үй-жайлар, табиғат ығыстырылды.
Сипаттама нысандары машина, зауыт, темір жол, тобыр, адам массасы біртұтас болып табылды.