« Әліппе мен қоштасу»
1 «Б» сынып
Мұғалім: Есенжолова Н.Қ.
№2 Ақсу орта мектебі
Тақырыбы: « Әліппе мен қоштасу»
Мақсаты: Алған білімдерін тиянақтау
Тіл байлығын, таным белсенділігін, логикалық ойлауын дамыту.
Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I.Кіріспе. Медитация
- Балалар, енді барлығымыз ұстасып бәрімізге жылы лебіздерімізді айтайық.
- Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін! Әрқашан анамыз қасымызда болсын! Бәріміз дос болайық! – үлкендерді сыйлайық. Бәріміз тату болайық! Сабақты жақсы оқиық! Аспанымыз ашық болсын! Тәртіпті, әдепті болайық!
Әліппе мен қоштасуды бастайық.
Ата-аналар да бірге балаларға қосылып «Жаңбыр жауды» деген жаттығуды менің соңымнан қайталаңыздар.
Жел гуілдеді жаңбыр ақрын жауды, қатты жауды, жел соқты.
Енді әліппенің дайындаған әр тапсырмасын орындайық.
Сергіту сәті:
«Оң аяқта бес башай»
Ата-аналар балаларды тақтаға шақырып Қосу және азайту 10 көлемінде мысалдар береді.
«Ұстазым » әнің ата-аналар , оқушылар бірге орындайды.
Би «Қамажай»
Әңгіме құрастыру «Менің Қазақстаным » берілген карточкалар арқылы.
Берілген сөздерді талдау.
Халық , елтаңба, шанырақ.
Дыбыстардан сөз құрастыру.
Р,М,Ө,І Л,О,Ф,Т,У,Б
Тақтада суреттен елтаңба, ту құрастыру.
Ата-аналар өз ойларынан шығарып әр баланы тақтаға шақырып сөздер жаздырады.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Енді үйде жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Әділжан: - Ата, зейін салдын ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады?-
Деп бір күні сұрадым.
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты
Ата ,
Ана,
Ақыл,
Ар,
Адам . . .
«А дан» басталар
Содан шығар «Құрбаным»
«А»-ның алда тұрғаны
Махабат: Бөбектерім, оқы, ойна
Оқу, білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртпа
Сиямен бояп қойма
Құдайберген : Қолынды жу,тірнағынды ал
Мұрынынды сүрт орамалмен
Кешігіп қалмай мектепке бар
Алысып жүтмей балалармен
Мариям : Ата-ана , мұғалімге
Қарсы келмей әдепті бол
Өтрік айтпа,үйрен шынға,
Тілейтін сеннен сол
Ерасыл: Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасан?
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойлайсың?
Данагүл: Қош бол құтты әліппем!
Көп нәрсені үйреттін ,
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттін.
Мұғалім сөзі: Қош бол құтты әліппем! – деп оқушылырға айтқызады.
Ата-аналарға сөз беріледі:
Оқушыларды мадақтау:
Достарыңызбен бөлісу: |