ПЕДАГОГИКА
НЕГІЗГІ БӚЛІМ
Педагогика теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, категориялары. Тәрбие –
қоғамның кеәінгі ұрпақтарда ӛзін қайта кӛрсетумен
байланысты атқаратын
негізгі қызметтерінің бірі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге
асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық қызмет іске
асырылатын объективті шындықтың жақтары,
педагогиканың нысаны
болады. Педагогиканың салалары, зерттеу әдістері,
басқа ғылымдармен
ӛзара байланысы.
Жалпы педагогика
–
адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп,
барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы
негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика тӛрт бӛлімнен тұрады. 1)
оқу-тәрбие
процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие
теориясы; 4) мектеп тану.
Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және тәрбиесі
Жеке тұлға туралы түсінік. Мамандардың бір бӛлігі адамдардың
дамуын
кездейсоқ, басқарымға келмейтін ӛзінше жүрісі бар, даму ӛмір
шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге
байланысты;
адамның дамуын ешкім, еш уақытта ӛзгертуі мүмкін емес, тағдыр
белгілейді.Жеке тұлғаны қалыптастыруға
және дамытуға әсер етуші
факторлар. (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие) Адамның жүйке жүйесі,
мінезі, психикалық процестердің ӛту ерекшелігі осы тұқымқуалаушылық
қасиеттер тобынан. Ата-аналар тәнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері,
олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар – патологиялық
ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа ӛтіп отырады.