Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері



Дата08.04.2020
өлшемі27,42 Kb.
#61982
Байланысты:
пед лекция

Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Әр ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.

Педагогиканың ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен бөлініп шығуы.

Педагогиканың даму кезеңдері. Ян Амос Коменский, Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоганн Генрих Песталоцци, Иоганн Гербарт және Адольф Дистерверг. Ресей педагогтары К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, В.И.Водовозов, А.Ф.Лесгафт, В.А.Сухомлинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко.

Қазақстандық педагогтар Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Сембайұлы, С.Қожахметұлы, Қ.Бержанұлы.

Педагогиканың нысаны, пәні және қызметтері. Педагогиканың категориялық аппараты. Білім беру. Оқыту. Тәрбие. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Мектепке дейінгі педагогика. Мектеп педагогикасы. 

Педагогика тарихы. Дефектология. Пәндерді оқытудың әдістемесі. Жоғары мектеп педагогикасы. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.Философия. Психология. Жас ерекшелігі физиологиясы. Мектеп гигиенасы. Этнография және археология.  Кибернетика. 

Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері

Педагогика ғылымының әдіснамасы  туралы түсінік. Әдіснама, әдіс пен теорияның бір-бірімен байланысы. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама осы танымға жету мен оны құру тәсілі. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Әдіснама әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы.

Педагогиканың философиялық негіздемелері. Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі.Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланыстылығы. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алу жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикадағы зерттеудің үш деңгейі. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері:Бақылау(тікелей, жанама, жасырын немесе елеусіз, үздіксіз, дискретті (үзік-үзік), монографиялық, шағын мамандандырылған бақылау, ізденіс бақылау. Педагогикалық эксперимент. Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме, сұқбат,  сауалнама жүргізу. Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу. Дәрігерлік- педагогикалық тексеру. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу. Педагогикалық құжаттарды зерттеу. Ғылыми танымның екінші деңгейі- теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері: Әдебиет көздерін оқып білу. Талдау мен жинақтау. Абстракциялау. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Ұқсастыру әдісі.  Болжау әдісі.  Математикалық және статистикалық әдістер. 

Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей-әдіснамалық деңгей. Танымның теориялық және эмпирикалық деңгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқындалады; таным іс-әрекетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады. 

Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. 60-жылдардан бастап мәдениеттің диалог, ынтымақтастық, бірігіп әрекет жасау, басқа адамның пікірін түсіне білу қажеттілігі, тұлғаны сыйлай білу т.б.идеялармен баюы. Қазіргі заманғы педагогиканы адамға және оның дамуына бағыттау, гуманистік дәстүрлерді қайта жаңғырту міндеттері. Оларды шешу үшін ең алдымен педагогиканың әдіснамасы болып саналатын білім бердің гуманистік философиясын ойластыру, дамыту. Осыдан, педагогиканың әдіснамасын білім беру философиясының гуманистік мәнін бейнелейтін педагогикалық таным мен шындықты дұрыс түсіну туралы теориялық ережелердің жиынтығы деп қарау. Алайда ғылыми таным, соның ішінде педагогикалық та, шындыққа сүйіспеншілікпен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мақсатында жүзеге асады. Осыған байланысты адам өмірінің көптеген аспектілері жеке тұлғаның ойлау процесіне, материалдық және рухани құндылықтар жасауына, адамзат мәдениетін дамытуға жұмсалады.

Практикалық және танымдық тұғырлар арасындағы байланыс механизмінің ролін теория мен практика арасындағы «көпір» ретінде аксиологиялық немесе құндылық тұғыр атқарады. Ол, бір жағынан,  адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері өзінде қалыптасқан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау міндеттерін шешеді.

Аксиологиялық тұғырдың мәні төмендегі аксиологиялық принциптер арқылы ашылады:мәдени және этникалық ерекшеліктердің әркелкілігін сақтай отырып, құндылықтардың біртұтас гуманистік жүйесінің көлемінде философиялық көзқарастардың теңдігі;дәстүр мен шығармашылықтың әртектілігі, өткен кезеңнің білімдерін зерттеу қажеттілігін мойындау, қазіргі кезде және болашақта рухани жаңалықтар ашылу мүмкіндігін мойындау, дәстүрлілер мен жаңашылдар арасындағы диалогты өзара байыту; адамдар арасындағы экзистенционалдық теңдік, құндылықтың негіздері туралы демогогикалық келіспеушілік орнына социомәдени прагматизм;

Осы әдіснама негізінде ең негізгі міндеттердің бірі- ғылымның, соның ішінде педагогиканың гуманистік мәнін ашу, оның адамға танымның, қарым-қатынастың, шығармашылықтың субъектісі ретінде қарым-қатынасы. 

Аксиологиялық тұғыр негізінен гуманистік педагогикаға тән болғандықтан,  ондағы адам қоғамның ең жоғарғы құндылығы және қоғамдық дамудың ең жоғарғы мақсаты ретінде қарастырылады. Сондықтан аксиология гуманистік проблематиканың жалпы бөлегі ретінде білім берудің жаңа философиясының негізі және қазіргі заман педагогикасының әдіснамасы ретінде қарастырылады.

ХХ-ғасырдың 60-жылдарынан бастап құндылықтар категориясы отандық ғылымда философиялық ой-пікірдің пәні ретінде зерттеле басатады, осы кезде адам, мораль, гуманизм, субъективтік факторларға қызығушылық күшейе түсті. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар. Топтық педагогикалық құндылықтар.  Тұлғалық-педагогикалық құндылықтар..

Білім беру жалпыадамзаттық құндылық ретінде. Білім берудің мәдени- гумандық функциялары: адамның өміріндегі кездесетін кедергілерді жеңуі үшін рухани күштерінің, қабілетінің және білігінің дамуы;әлеуметтік және табиғи салаларға бейімделу жағдайларында мінез бен моральдық жауапкершілікті қалыптастыру;тұлғалық және кәсіби өсуі мен өзін-өзі көрсетуді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; интеллектуалды-адамгершілік еркіндікті, жеке автономиясы мен бақытына жетуге қажетті құралдары меңгеру;жекелік шығармашылығын өзіндік дамытуға және  рухани потенциалын ашуға жағдай жасау.

Дәріс №3. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері

Педагогикалық антропология-тәрбиенің философиялық негізі. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан -жақты үйлесімді дамуы.Жекетұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар.  Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялықфакторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыпта-суының факторлары туралы идеялар келесідәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалык, пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский, В.Г, Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, 3.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э,И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.)

 «Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Тұқым қуалаушылық. Орта. Тәрбие. Адамның өзіндік өзгертуші іс-әрекеті -тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы. Белсенділік. Қарым-қатынас белсенділігі. Таным белсенділігі. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.



Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің өзара байланысы. Оқыту мен дамудың өзара байланысы. Әлеуметтендіру үдерісінде тұлғаның қалыптасуы. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі. Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары. Дамудың гендерлік ерекшеліктері. Бала дарындылығы.

Жас. Жас кезеңдері. Акселерация. Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері -олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттар.Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді;

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастан, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Жеткіншектердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің  ерекшеліктері. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтіқ жауапкершілікті сезінеді.

Дамудың біркелкі еместігі. Тұлғаның табиғи шамасы (потенциалы) және балалардың жеке ерекшеліктері Тұлға дамуының нақты мүмкіндіктері(көкейкесті мүмкіндіктері және «дамудыңтаяу зонасы»)және оларды тұтас педагогикалықүдерісте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу.

Дәріс №4. Тәрбиенің мәні, заңдылықтары мен принциптері. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары

Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. «Теория»  ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.

Тәрбие - теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие мақсатты үдеріс. Тәрбие- біртұтас үдеріс.  Тәрбие ұзақ әрі күрделі үдеріс. Тәрбие- көпжақты үдеріс.Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары. Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге дәстүрлі және инновациялық  тұрғыдан қарау. Қарым-қатынасты тәрбиелеу-тұлғалық дамудың үдерісі. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі және қайта тәрбиелеу. Тәрбие түрлері. Авторитарлық,  демократиялық, либералды еркін тәрбие. Прагматикалық, аксиологиялық ұжымшылдық, жекелік тәрбие.

Тәрбиенің заңдылықтары: баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл- табиғи заңдылық; баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;  қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Тәрбие принциптері: тәрбиенің мақсаттылығы; тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;  жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу; тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету; жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Мектеп пен жанұяның педагогикалық үдерісінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық үдерісті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық үдеріске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды., яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

Қоршаған ортаны өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әр түрлі іс- әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.

Тәрбие құралдары. Тәрбие тәсілдері. Тәрбиеформалары. Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерін топтап бөлу. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық рікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация. Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау анкета, ауызша т.б. қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.Тәрбие әдістеріне сипаттама.



Дәріс №5. Ұжым-тәрбие құралы. Тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру

Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

А.С.Макренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті: Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;  Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді; Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі; Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері- ұйымастырушылары болады.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.Бірінші кезеңдеоқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.  Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.Екінші кезеңдеұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі- ұжым алдындағы мақсатты-перспективаны таңдау. Жақын перспектива.  Орта перспектива.  Қашық перспектива.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;еңбекте адал қарым- қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/  үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы -жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді

Оны жүзеге асырудың жолдары мен шарттары бар. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы  дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады...   Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.           

Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салаларыақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.



Дәріс №6. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері

Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері: оқытудың заңдылықтары мен үдерістері, оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері-барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті: біріншіден, оқыту үдерісін түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.

Дидактиканың объекті, пәні, қызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары. Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі.



Оқыту- екі жақты үдеріс. Іс-әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы. Тұтас оқыту үдерісіндегі оқу-оқушының танымдық іс-әрекеті. Оқыту үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетінділігін қалыптастыру. Оқыту функциялары. Білім беру. Тәрбиелеу. Дамыту. Оқыту функцияларының арақатысы. Оқыту түрлері.Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.Проблемалық оқытуБағдарламалап оқыту.Оқытудың қозғаушы күштері. Дамыта оқыту туралы түсінік. Оқыту үдерісінің тиімділігінің көрсеткіштері.

Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады.Принцип-латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді.



Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал  болғандары келесі дидактикалық принциптер: Оқытудың ғылымилық принципі; Жүйелілік және бірізділік принципі;  Саналылық пен белсенділік принципі;  .Көрнекілік принципі;  Оқытудағы білімнің беріктігі принципті.  Түсініктілік принципі. Оқытудың мақсаттылық принципі;  Ізгілендіру принципі;  Проблемалық принцип; Интеграциялау принципі;  Теория мен практиканы байланыстыру принципі;  Оқудың өмірмен ұштастық принципі;  Ынталандыру принципі; Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі; Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.

Дәріс №7. Қазіргі білім берудің мазмұны. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары

«Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерийлері. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2011-2020 жылдардағы Қазақстан республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік білім беру стандарты. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттар.

Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі- мемлекеттік стандартбылайша айтқанда, мемлекеттік жүйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Білім бағдарламасы.  Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған оқу жоспарында - оқытылута тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай көлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат көлемі белгіленеді. Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын жасайды. Оқу бағдарламасы - жеке оқу пәнінің мән-мазмұнын сипаттайтын құжат. Бағдарламада сол пән бойынша оқытылатын тақырыптардың деңгейі мен оның мазмұны, қандайлық көлемде оқылатын мазмұндық көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын білімі, білігі, дағды деңгейі қамтылады. Сондай-ақ оқылатын пәнге байланысты қолданылатын құралдар мен оған жасалатын бақылау және әдістемелік кеңес пен нұсқаулар көрсетіледі. Бұл құжат мектептегі пән мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. Оқу пәні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты мақсат тиісті ғылым, өнер, іс-әрекет туралы оқушыға тиянақты мағлұмат беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу.

Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйенің элементі. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тәуелді пайда болады, өрістейді, бір-бірімен ауысып отырады. Әлемдік білім тәжірибесі тарихында әрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың әрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сәйкес қолданылған.

Алғашқы  адамзаттық қауымның өзінде-ақ тәжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас әулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке-дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьюторлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда. Топтық оқыту.  Сынып-сабақтық жүйе.  Белл-ланкастерлік жүйе. Батав жүйесі. Мангейм жүйесі.  Жобалап оқыту жүйесі. Трамп жоспарымен оқу жүйесі.Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері және құрылымы.Жаңа білім меңгеру сабағы.Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. Алынған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.Кайталау, пысықтау сабағы.Тексеріп алған білім сапасын айқындау.Аралас сабақ.Жинақтап қорыту сабағы.

Сабақ- оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын  қалыптастыру мен дамыту жүйесінде. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі.



Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақта ынтымақтастық, қарым-қатынас күйін тудыру. Сабақты талдау және өзіндік бағалау. Дәстүрлі емес сабақтар.

Шындықты тікелей танудағы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретіндегі экскурсияның маңызы. Экскурсияның түрлері. Экскурсияны таңдауға, өткізуге қойылатын талаптар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет