Келісілген:
|
Бекітемін:
|
«Қарағанды облысының
|
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі
|
балаларға арналған медициналық
|
директордың орынбасары
|
әлеуметтік мекемесінің» КММ әдіскері
|
|
Мысловская И.А.______________
|
Ержанова С.Е.__________
|
|
|
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Алақай, аққала жасаймыз!»
(жалпы және ұсақ моторикасын дамыту)
Өткізген «Ботақан» корпусының тәрбиешісі:
Аубакирова А.О.
Қарағанды 2016
Мақсаты: Балалардың бойында әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, қоршаған әлемнің қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру.
Білімділік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен табиғат құбылыстарымен таныстыру. Қыс ерекшеліктері (суық, аяз, қар жауу, жылы киіну,ағаштарада жапырақтар болмайтыны) туралы білімдерін қалыптастыру.Қысқы табиғатының сұлулығын көре білуге,оған қызығушылығын,сүйіспеншілігін арттыру. Маусымдық белгілерді ойын арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Эстетикалық талғамын,қиялын,шығармашылық қабілетерін құрастыратын,шығармашылық құзіреттілігін меңгерген бала тұлғасын дамыту.Ермексазбен жұмыс жасау кезінде, су-джокты пайдалана отырып саусақ бұлшық еттерін, майлықпен қолдану іскерліктерін дамыта отырып,есту,көру, ойлау, өз ойын тұжырымдай білуге қабілеттерін арттыру, биоэнергопластика қолдану арқылы сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қызығушылық білдіруге,ермексазбен жұмыс жасай білуге, жасаған жұмыстарына мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: аппақ-белый, қар-снег, қыс-зима, аққала-снеговик.
Қолданылған құралдар: ТСО, қысқы бейнекөрініс анимациясы, аудиожазбалар, «Али мен Айя»мультфильмінен көрініс, слайд.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойындар,ермексаздан аққаланы орындау тәсілдері,су-джок,биоэнергопластиканы қолдану.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:-Қайырлы күн,балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.Қарандаршы,бәрін сондай қуанышты,бір-біріне күліп қарап,жайдарлы,ақжарқын болып тұрсындар.Сендердің көздеріңнен мейірімділікің,жақсылықтың,қамқорлықтың,сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Олай болса,сабағымызды жарқын көңілмен бастайық.Күніміз сәтті болсын!
Армысың,алтын күн!
Армысың,көк аспан!
Армысыз,апайлар!
Армысың,достарым!
Тәрбиеші:-Балалар,көңіл-күйлерін қалай?
Балалар:-Өте жақсы!
II.Қайталау.
Тәрбиеші:-Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?
Балалар:-Қыс. (зима орыс тілінде айтылады).
Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар:- Үш ай бар.(саусақтарымен көрсетеді:бас бармақ-желтоқсан,балаң үйрек-қаңтар,ортаң терек-ақпан)
III.Негізгі бөлім.
( Далада ойнап жатқан балалардың дауысы естіледі)
Тәрбиеші:-Балалар,сендер мына далада шулап ойнап жатқан дауыстарды естіп тұрсындар ма?
Балалар:- Иә,естіп жатырмыз.
Тәрбиеші:-Ендеше,сендер осы балалар сияқты далаға шығып,қысқы көріністі тамашалағыларын келе ма?
Балалар:-Иә,барғымыз келеді.
Тәрбиеші:-Ендеше кеттік балалар,біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Балалар:-Бас киім:малақай,құлақшын,үстімізге: тон,күрте,аяғымызға: етік,пима,қолымызға қолғап киеміз.
(Балалар іс-қимылмен көрсетеді)
Тәрбиеші:-Мінекей, бізде киініп серуенге шығып барамыз.
(Бейнетаспадан балалармен бірігіп серуенге шығып бара жатқанымыз көрсетіледі)
«Қысқы көрініс» слайд суреттерін көрсетіп тамашалау.
Тәрбиеші:-Серуенімізді одан әрі жалғастырайық.
(Қардың сықырлаған дауысы естіледі,алдарынан көңілсіз аққала кездеседі).
Аққала:-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Балалар:-Сәлеметсің бе!
Тәрбиеші:-Балалар, бұл Аққала ғой.(орысша снеговик дейді).Бірақ Аққаланың көңіл-күйі жоқ қой.
Аққала:-Иә,мен далада жалғызбын,жанымда достарым көп болса жақсы болар еді.
Тәрбиеші:-Балалар,кәне аққалаға көмектесеміз бе?
(балалардың жауаптары)
Тәрбиеші:-Балалар,біз Аққаланы үйімізге қонаққа шақырайық.
(балалар қуана келіседі)
Тәрбиеші:-Біз үйімізге жеткенше Аққаланың көңілің көтеріп бірге ойнап барайық.
IV.Сергіту сәті «Қар атысу»
(биоэнергопластика қолдану)
Қар жауады оң жақтан,
Қар жауады сол жақтан,
Қар лақтырып ойнасақ.
Су болады қолғаптар.
Тәрбиеші:-Мінекей өз үйімізге де келдік.
(«шешіну» имитациясын жасау)
Тәрбиеші:- Біз бүгін сендермен аққала жасаймыз. Аққаланы қалай жасау жолдарын мына бейнетаспаға назар аударайық.
(«Али мен Айя»мультфильмінен көрініс)
Тәрбиеші:-Ал,енді мен сендерге тағы да аққаланы жасау жолдарын естеріне сала кетейін.Егер біздін достарымыз Али мен Айя қардан соқса аққаланы біз ермексаздан жасаймыз.Аққала түрлі мөлшердегі қар шарлардан тұрады.Төменде -ең үлкен шар,ортасында –кішірек,жоғарыда-кішкентай.Аққаланың көзі бар,ал-мұрны-сәбіз.
Орындау тәсілін көрсету.
1.Түрлі мөлшердегі үш шарды жұмарлап илейміз.
2.Шарларды кішірею ретіне қарай қоямыз да,Аққала шашылып қалмас үшін,мұқият сылаймыз.
3.Ортаңғы шардан шымшып қолын шығарамыз.
4.Бейнені ұсақ бөлшектермен :бетіне көз,мұрын , басына кішкен шелекпен толықтырамыз.
5.Жұмысымызды жасап болған соң қолымызды,саусақтарымызды майлықпен сүртеміз.
Тәрбиеші:-Ал,енді жұмыстын алдында саусақтарымызды жұмысқа дайындап алайық.
Саусаққа арналған жаттығу
(Су-Джокты қолдану)
Саусақтарым қоймайды,
Жасаймын деп аққала.
Жұмысты біз бітіріп,
Аққалаға сыйлаймыз.
(Көңілді әуенмен балалар тәрбиешінің көмегімен дербес шығармашылық жұмысына кіріседі)
Аққала көңілденіп:-Бәрекелді,тамаша!Алақай, менің достарым көп болатын болды.
Тәрбиеші:-Балалар,мына аққала ермексаздан жасалған,соңдықтан үйдің ішінде еріп кетеді,Аққалаға берейік далаға апарсын.
Аққала:-Сендер маған жаныма көп достар жасап бердіңдер,менің де сендерге сыйлығым бар. (сыйлық таратып береді)
Аққала қуанып балалардың жасаған жұмыстарына алғысын білдіріп шығып кетеді.
(Осы кезде Аққаланың көңілденіп шығып бара жатқаны ,далада басқа аққалалармен билеп жүргені бейнетаспадан көрсетіледі).
Тәрбиеші:-Кәне,көрейік қандай сыйлық берді екен бізге Аққала?
(Аққаланың берген сыйлығын балалармен бірге ашып көреді)
Ойын: «Көңілді көпіршіктер»
V. Қорытынды:
-Балалар,бүгін сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?
-Қандай әсер алдындар?
-Қонаққа кімді шақырдық?
-Қандай ойындар ойнадық?
-Енді балалар қолымыздан ұстасып қоштасу шеңберін айтайық:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз,
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз!
(Балалар қоңақтармен қоштасады)
Достарыңызбен бөлісу: |