Гуманистік психология



бет1/5
Дата05.08.2020
өлшемі41,14 Kb.
  1   2   3   4   5

Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;

  • әрбір адам қайталанбас тұлға;

  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;

  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;

  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;

  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;

  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге асырудың психологиялық аспектілері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі ретінде білім берудің гуманистік басымдығы көрсетілген. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық [1].

«Гуманизм» терминін қазақ тіліне аударғанда «ізгілікті» деген сөздің мазмұнымен тұстас келеді, олай болса, белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін гуманистік ортаны құруда, алдымен, педагог қауымының бойында ізгілікті қасиеттердің табылуы шарт. Гуманистік психология теориясының негізін салған американдық психолог А.Маслоу (1908–1970). ХХ ғасырдың 60-шы жылдары өзін-өзі өзектендірген, ізгілікті қасиеттерді бойына жинаған адамға тəн қасиеттер деп келесілерді көрсеткен екен:



  • шындықты толығымен қабылдау жəне оған адекватты қатынаста болу (өмір шындықтарын бұрмалаусыз қабылдау, түсіну);

  • өзін жəне өзгелерді қабылдау (өмірде əркімнің өз орыны бар, ешкімде біреудің қалауына сəйкес болуға міндетті емес, адамды барлық болмысымен қабылдау жəне сыйлай білу);

  • өзінің сүйікті ісімен кəсіби тұрғыда айналысу, сол іске бағдарлану;

  • əлеуметтік ортадан тəуелсіз болу, өзіндік дербес пікірінің болуы;

  • басқа адамдарды түсуге қабілетті, адамдарға деген кеңпейілділік;

  • тəжірибесімен бөлісу, объективті баға бере білу;

  • жақсылық пен жамандықтың мақсаты мен тəсілдерін ажырата білу (мақсатқа жетуде кез келген тəсіл тиімді бола бермейді);

  • жүріс-тұрыстың шынайы болуы;

  • əзілге бейім болу;

  • өзін дамыту, қабілеті мен потенциалды мүмкіндіктерін ашып, шығармашылық жұмыста, махаббатта, өмірде өзін-өзі өзектендіру;

  • жаңа мəселелерді шешуге дайын болу, өз тəжірибесіндегі міндеттер мен қиындықтарды саналы сезіне білу, өз қабілеттерінің мүмкіндігін білу [2].

Қазіргі білім саласындағы жаңа формация педагогтеріне қойылатын талаптар мен құзыреттілік моделі жасалуда. Педагогке қойылған талаптарға сəйкес болу үшін педагогтың өзімен жұмыс жасауына тура келеді. Алдымен бұл өзгерістер адамның ойлау стилін өзгертуден бастауды қажет етеді.

«Мен қандаймын?» жəне «Қандай болуым керек?» деген сұраққа дəйекті жауап алу үшін білім беру жүйесінде қолданылған гуманизмге қарсы бағыттағы технократизм парадигмасының сипатына тоқталып кетейік.

Технократизм адам іс-əрекетін ұйымдастыруда қаталдық (əміршілдік) формасын көздейді жəне өз атауында тұрғандай механикалық, техногенді сипатқа ие. Механикалық принципті негізге алған автоматтандырылған жүйе адамға дайын жүріс-тұрыс пен ойлау тəсілін қолдануды талап етеді. Бұл ойлау жүйесіне стереотип болып қалыптасып, оның өмір бойына созылады, өйткені адам оның шектеуінен шыға алмайды, бойындағы əмбебап мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Технократия принципін ұстанушылар барлық жағымды қасиеттерді біріктіретін жүріс-тұрыс моделін аз уақыт ішінде адам бойында қалыптастыруды көздейді, бірақ адамның адам ретіндегі құндылығы, өзіндік рухани байлығы, өзін жетілдіру мəселелері назардан тыс қалады. Технократизм парадигмасы адамға нұсқау беру арқылы көптеген шектеулер қояды, ол қоғамға, əлеуметтік топтарға, тіпті кеңістігі мен шығармашылығы жағынан шектейді. Адамзаттың табиғатпен үйлесімді даму мүмкіндігін шектейтін технократизм идеясын сынға алған кеңес философтары В.Соловьев, П.Флоренский, А.Карсавин, С.Булгаков жəне Н.Бердяев өз еңбектерінде оның адам ойлауын бір сарынды етіп, толыққанды дамуына шектеу қоятынын ашып көрсетті [3].

«Білім ол — күш» деген ұранды басшылыққа алған технократ-оқытушы дайын білімді оқушы бойына қалыптастыруға тырысады, оқушы тарапынан айтылған сын, ұсынылған жаңа бастама, идея технократия парадигмасында қолдау таппайды, өйткені бұл парадигманың саясаты əміршілдік стильде жүзеге асырылады. Жəне бұл парадигмада қалыптасқан жолдан ауытқуға немесе қателесуге болмайды, себебі техникаға негізделген идеяда қысқа уақытта сандық мақсатқа жету керек, қатенің себебін анықтап жəне салдарын жоюға, сапаға мəн беруге уақыт мүмкіндік бермейді. Əміршілдік жүйе өз бағдарламасын ұсынатындықтан, адамның рухани дамуына, өмірдің мəнін ұғынып, табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне де əсер етеді. Дайын сүрлеумен жүруді көздейтін бұл парадигма үшін адамның діни нанымдары, эстетикалық талғамы, құлықтылық қасиеттері, ата-бабадан келе жатқан салт-дəстүрлері мен мəдениеті маңызды емес, тіпті дінді жоққа шығарып,  қалыптасқан ұлттық дəстүрді жойып, өз əмірін орындатқыза алады, сөйтіп, адамды автоматтанған іс-əрекеттің құлына айналдырады. Билік жəне заң үшін қоластындағылардың бір бағытта жүргені, берілген бұйрықтардың уақытылы орындалғаны, ұсынылған модельге сəйкес болуы өте ыңғайлы. Табиғи үйлесімділіктен, сұлулықтан, рухани байлықтан, діни нанымнан айырылған адамда, əлем туралы, өзі туралы бұрмаланған түсініктің қалыптасуына əкеледі.

Адамзатты қалыптасқан осындай жүйенің құрсауынан азат ету бойынша ғалымдардың ой пікірлері өз ұлтының тарихи даму кезеңдеріне байланысты: мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген неміс философтары И.Гете жəне Ф.Шиллер технократия жағдайында адам тұтастығын қалпына келтіріп, индивидті тұйықталудан құтқарудың түрлі тəсілдерін қарастырды. Ф.Шиллер «əр адам еркіндікте өмір сүруге құқылы, жəне оған қол жеткізудің бір жолы — рухани сұлулық», — деп санады [4].

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген кеңес философтары П.Флоренский, В.Соловьев, Л.Карсавин жəне Ж.Маритен адам тұтастығын сақтауда əмбебап, кіріктілген тұжырымдама ұсынды. Ол дінге негізделген, əлем тарихындағы барлық құндылықтарды біріктіруге қабілетті «интегралды гуманизм» жүйесі болды.

Қайта өрлеу дəуіріндегі гуманистік ойлар: «гуманизм» терминін (лат. humanitas — адамшылық) қолданды, яғни humanitos — адамның тəрбиесі жəне білімі, оның жоғарғы дəрежеге жетуіне мүмкіндік туғызу деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен əлеуметтік қозғалыс. Гуманизм адамзат жəне барлық басқа болмыс бастауларынан адамзаттың жоғары тұратындығын білдіреді.

Дамушы мемлекет ретінде бізде технократизмді басшылыққа алған саясатты бастан өткердік, демократиялы елде өмір сүріп жатқандықтан, оқытушылардың əміршілдік принципін басшылыққа алуы тəрбиеленушілермен қарым-қатынаста қарама-қайшылық тудырып, қақтығысты жағдайлардың туындауына мүмкіндік береді. Сондықтан гуманистік парадигманы жүзеге асыруға психологиялық тұрғыда дайын болу үшін А.Маслоудың «Гуманистік психология» теориясымен танысып көрелік.

«Гуманистік психология» теориясы психологиялық дені сау, өз дамуының шегіне жететін, өзін өзектендіре алатын үйлесімді тұлғаның қалыптасуын көздейді жəне оның негізгі ұстанымы  əр адамды біріккен, əмбебап, ұйымдасқан тұтастық ретінде қарау. Гуманизм теориясы бойынша, «адам тағдырына деген жауапкершілікті өз қолына алып, ұсынылған мүмкіндіктердің арасынан  еркін таңдау жасай отырып, өмір бойы өзін жетілдіруге тырысуы қажет» деп түсінген американ психологы А.Маслоу əр адамның толысуына жəне өзін өзі жетілдіруге деген потенциалды мүмкіндіктері бар деп көрсетеді. Адамның өзін жетілдіруінде мотивация ықпалының басым екенін айтады.

Мотивация — адамды əрекет жасауға итермелейтін, оның жүріс-тұрысын басқаратын, бағыттылығы мен белсенділігін анықтайтын жəне өз қажеттілігін қанағаттандыруға деген қабілеті.

«Мотивация» ұғымының толық мазмұны ашылу үшін, оның құрылымдарының сатылап орындалуы шарт (1-сур.).

  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет