А.Маслоу өзін өзектендірудің бірнеше жолдарын төмендегідей көрсетеді:
өзімізде жəне бізді қоршаған ортада болып жатқандарды саналы түрде аңғара білу;
түрлі мəселелерді шешкенде белгілі таныс шешімдерден гөрі, жаңа жолдарды қарастыруға тырысу;
жағдаятқа деген өзіндік қатынасын қалыптастыру, шешім қабылдауда өзгелердің пікірі мен көзқарасынан тəуелсіз болу;
шыншылдық жəне жауапкершілікті өз қолына алу;
өз инстинкті мен пікіріне сеніп, соған сəйкес əрекет ету (кəсіп таңдауда, өмірлік жар таңдауда, тамақтану режимі жəне т.б.);
өз қабілеттерін өзіне ұнайтын іс-əрекет түріне бағыттау арқылы дамыту;
өзін өзектендірудегі өтпелі кезең — адам жан тəнімен берілген жағдайда тұтас əлеммен үйлесімде болғанда, ойы айқын жəне нақты болады, əлемге деген көзқарасы өзгеріп, өзі содан шабыт алады;
өзін өзектендірудегі келесі қадам — өзіндегі «психологиялық қорғаныстарды» анықтау (проекция, рационализация, ойдан шығарып тастау, идентификация жəне т.б.) жəне оны бұзу:
өзін өзектендіру қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірдің мəнін түсіну жəне өзін жетілдірудегі өзінің мəнін жүзеге асыру [7].
А.Маслоу бойынша, адамда бұл қажеттіліктер кезеңмен орындалуы қажет. Мысалы, төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылса, адамның тамағы тоқ, отбасы бар, материалдық қамтамасыз етілген болса да бұл толық бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Төменгі қажеттіліктерді адам алдымен маңызын түсініп айтарлықтай қанағаттандырған жағдайда жоғары қажеттіліктерді өтеу үшін жүріс-тұрысында мотивация пайда болады. Сонымен физиологиялық қажеттіліктер қанағаттандырылғанда қауіпсіздікке деген қажеттіліктер туындайды. Осылайша төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру негізінде қарым-қатынасқа деген, мамандықты игеруге, өзінің шағын ортасына деген қажеттіліктер пайда болады. А.Маслоу адамдардың өз идеалына қол жеткізу үшін өмірлік қажеттіліктерін құрбан етуге баратындықтарында жоққа шығармайды (аштық жариялау, өз өмірін қию), ал кейбір адамдарда махаббатқа, отбасына деген қажеттіліктен гөрі, карьера жасау қажеттіліктерін жүзеге асыруы мүмкін. А.Маслоу бойынша, адам орта есеппен физиологиялық қажеттілігін 85 %, қауіпсіздікке деген қажеттілігін 50 %, өзін сыйлатуға деген қажеттілігін 40 %, ал өзін өзектендіруге деген қажеттілігін 10 % қанағаттандырады деп болжайды [7].
Сонымен аталған парадигмаларды салыстыра отырып өз іс-əрекетімізде қандай басымдықты ұстанып жүргенімізді саралауға болады. Яғни гуманистік парадигманы басшылыққа алуда педагог өз бойына ізгілікті қасиеттерді қалыптастыра отырып, оқушылардың толыққанды, үйлесімді дамуына жағдай жасайды.
Бүгінгі күннің негізгі міндеті — білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баршаға білім беруден — таңдау бойынша білім беруге» ауысуы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығында, «Жалпыға білім беру» моделінен «əр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген.
Ұстаз шəкіртінің білім алуға деген құштарлығын тудыра алмаса, оның ынтасы, пəнге қызығушылығы қалыптаспайды. Білім беруде оқушы өзі ізденіп жаңа тақырыпты өз бетінше оқып, түсініп, сыныптастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нəтижеге қол жеткізгені. Оқушының білім алуға, ізденуге деген жауапкершілігі артқан сайын мұғалімнің міндеті мүлде өзгеріп, ол шəкіртімен пікірлесетін, олардың білгенін саралап, қиналған тұстарына кеңес беретін бағыт берушіге айналуы керек. Жаңаша білім беруде педагог өз бойында ізгілік принциптерін меңгерумен қатар, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалыққа ұмтылып, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары маман бола алады. Педагог əр сабағын мақсат көздеп, проблемалық ситуациялар бере отырып, оқушының ойлануына, шығармашылық қабілетінің шыңдалуына жағдай жасайды. Таңдаған мамандық саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, заман талабына сай бейімделе білу адамнан икемділікті де талап етеді. Ал өзгерістерге тез бейімделу үшін ойлаудың шаблонды түрінен гөрі икемді болуы қажет.
Кəсіби шеберліктің жоғарғы шегі — шығармашылық жұмыс. Анықтамасына тоқталсақ, шығармашылық — бұл теорияны практикамен шебер ұштастыру, оқу-тəрбие проблемаларын жоғары біліктілікпен шешу, белгілі бір бақылау, зерттеу жүргізу. А.Маслоудың гуманистік психология теориясы бойынша өзін сыйлата білу жəне өзін өзектендіре білуге деген жоғары қажеттіліктерді қанағаттандырумен сəйкес келеді. Шығармашылық іс-əрекетке қойылатын талаптар:
мақсат көздеу, оған жетуде белгілі бір тақырыппен айналысу;
оқытудың, тəрбиелеудің жəне дамытудың технологияларын, əдіс-тəсілдерін кеңінен оқып үйрену, меңгеру;
ғылыми ойларды, озық педагогикалық іс-тəжірибелерді, білім беру технологияларын, əдіс- тəсілдерді мектеп практикасына, оқу-тəрбие үрдісіне кеңінен енгізуде белгілі бір зерттеуден (эксперимент) өткізу;
кезіккен проблемаларды шешуде білім, білік, дағдыны жүзеге асыру;
жүргізілетін жұмыстардың нəтижесін талдап, мониторинг жүргізу;
алынған қорытындыны баспаға шығару, тəжірибе тарату.
Білім сапасы білім, іскерлік, дағды негіздерінен тұрады: берілетін теориялық білімнің оқушы мүмкіндігі мен жас ерекшелігіне сəйкес жүйелі болуы, оқушының алған білімді практикада қолдану арқылы оны дағдыға айналдыруы. Сапалы білім осы үш негізді педагогикалық ұжымдағы əрбір мұғалім қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асады. Ол үшін оқушының танымдық мотивациясына назар аударып, білімге деген қызығушылығымен, қажеттілігін қалыптастыру ең маңызды бастама болып табылады. Берілген білімді оқушы өз əрекетінде диагностикалап, өзін-өзі бағалап, өз іс- əрекетін мақсатқа сəйкес жоспарлап жүзеге асыру арқылы кемшіліктері мен олқылықтарын анықтап дер кезінде түзетулер енгізсе, тиімді нəтижеге қол жеткізе алады. Нəтижеге бағыттала жұмыс жасауда ізгілікті педагог жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін білім беру саясатының мақсатына сəйкес, мектеп мақсатын ескере отырып, өз пəнінің мақсатын қояды. Себебі оқушылардың білім, білік жəне дағды деңгейі, пəндердің оқытылу жағдайы үнемі бақылауда болып, оқушы біліміне кешенді диагностика жүргізіп, алынған нəтижелерге үнемі талдау жасалған жағдайда педагогтың өз іс-əрекетіне деген жауапкершілігі артады. Оқыту үрдісінде алынған нəтиже бастапқыдағы мақсатқа сəйкес келсе, яғни, білімнің сапасы үнемі бағаланып, алынған нəтиже мен күтілген нəтиже өлшеніп отыратын мониторинг жүргізіліп отырса, оқушы бойында қалыптасып жатқан білім, білік, дағдының көзделген мақсатқа сай болуы немесе ауытқуын көре аламыз. Мониторинг қорытындысы арқылы педагогте, оқушы да өз əрекеттеріндегі кемшіліктер түзеліп, айырымдар анықталады. Осы əрекеттер үнемі жүргізілген жағдайда педагогтар мен оқушылардың танымдық мотивациясы артады жəне нəтижеге бағытталған іс-əрекет жүзеге асады.
Білім берудегі гуманистік парадигманы жүзеге асырудың психологиялық аспектілерін ескере отырып ізгілікті қасиеттерді бойына сіңірген педагогикалық ұжым, білім беру мекемесінде гуманистік орта құру арқылы өзін жəне өзгені сыйлап, құрметтей алатын, ойын еркін жеткізе алатын, стандарттан тыс ойлауға қабілетті, өзімен жəне қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүретін, толыққанды тұлғаның тəрбиеленуіне ықпал етеді.
Əдебиеттер тізімі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. — — 27 шілде. — № 319. // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www. zakon.kz
Бердяев Н.А. Смысл истории. — 3-е изд. — М.: Мысль, 2000. — С.
Гуревич П.С. Новая технократическая волна на Западе. — 3-е изд. — М.: Прогресс, 1999. — С.
Суркова Л.В. Технократизм: социокультурный феномен. — 2-е изд. — М.: Изд-во МГОУ, 1992. — С.
Мэмфорд Л. Миф машины // Вестн. Москов. гос. ун-та. — 2001. — Т. 7. — №
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://ru.wikipedia.org/wiki (дата обращения 11.2008).
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://pro-psixology.ru/sovremennye-psixologicheskie-teorii (дата обращения 11.2008).
Достарыңызбен бөлісу: |