Жоспары:
Мотив және оның түрлері
Мотивацияның рөлі қандай?
Мотив деген не?
Мотивтің түрлері.
Мотивтің қызметі.
Достар, өздеріңізден дәл қазір сұраңыздаршы. Бұл дәрісті не үшін оқып отырсыздар. Сіздердің өмірлерініңде мұнан да маңызды нәрселер барына ешкім күмәнданбайды. Мысалы, спорт, хобби, достармен қыдыру, тіпті болмағанда ешнәрсе жасамау және дәмді тамақ... Сізді соның бәрін ысырып қойып осымен айналысуыңызға не түрткі болды? ...әркім түрлі нұсқаларын ұсынады. Жауаптар өте көп. Олардың әрқайсысы сіздің ішкі дүниеңізде пайда болған ерік- жігеріңіз арқылы көрініс тапқан себептер не мақсат. Міне, дәл осындай сізді бір нәрсе жасауға итермелейтін басты себепті мотив деуге болады, ал ішкі жағдайыңызды мотивация деп атаса болады. Неміс ғалымы Хайнц Хекхаузен «мотивацияға іс-әрекеттің мақсатты бағытталуы» дейді.
Мотив сөзі тек қана
психология немесе педагогика, оқытуда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданылады. Оқытудағы көптеген жетістіктер мен
проблемалар оқыту мотивтеріне, білім алушының оқығысы келу, келмеуіне байланысты. Алайда көптеген ғалымдар осы мәселеге де мұқият қарауды ұсынады.
Біріншіден, тиімді оқыту мен мотивтің байланысы, мотивтің қайдан алынатыны жайлы сұрақ жауапсыз қалып отыр.
Екіншіден, барлық уақытта оқуға деген ынта бүкіл оқыту процесі бойы сақтала бермейді. Мысалы, мектепке оқығысы келіп келген көптеген балалар сабақтың алғашқы күндері не аптасында-ақ оқуға деген ынталарын жоғалтады. Осындай көріністерді 1-курс студенттерінен де байқауға болады. Кейбір студенттер университет табалдырығын аттаған алдыңғы жылдарда-ақ мамандығын ауыстырып үлгереді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында психолог М.С. Неймарк психологиялық зерттеулер нәтижесінде мотивтің үш түрін анықтайды.