Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация


Кітап: Дәріс: Оқыту теориясы 5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#122020
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация
сценарий, сценарий, сценарий

Кітап: Дәріс:


Оқыту теориясы

5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі


орынға қояды, оларға оқыған, жаңа бір нәрсені таныған қызық. Оқытудың бұл түрінің еш кедергісіз жүзеге асатыны, нәтижесінде жақсы нәтижеге қол жеткізетінін дәлелдеу керек емес. Алайда сонымен бірге мұның белгілі бір шектеуге әкелетін екі факторы барын да айтқу керек.


Біріншіден, оқыту материалдарына шектен тыс кіріп кету адамның өзі алған білім нәтижесін қызмет барысында қолдана алмауына әкеледі. Өзінің білгені мен жасай алатынын тәжірибеде көрсете алмайды. Осыған байланысты бір оқыған оқиға есіме түсіп отыр. Мектепке дейінгі балаларға математика сабағында өлшемді үйретуде Иван Цареевич ертегісін пайдаланады. Балаларға қолдарындағы екі ыдыстағы сұйықтықты дәл өлшеу тапсырылады. Ертегі кейіпкері

  • Иванға тек тірі су ғана көмектесе алатынын, тірі судың өлі судан аз болатыны айтылады. Осылайша кішкентай бүлдіршіндер екі топқа бөлініп арнайы ыдыстары арқылы суды өлшей бастайды. Жұмыс барысында ішкі мотивке ие топ үлкен қызығушылықпен әрі аса мұқияттылық танытып, көзге түседі. олардың басты артықшылықтары сол – олардың барлығы Иван Цареевичті тірілтуді ұмытып кетті. Кейбіреуі тіпті тірі судың өлі судан аз болуы керек дегенді мүлде естерінен шығарып алды. Бір жағынан қарағанда, олар өздерінің қатарластарына қарағанда өлшем құралдарын әлдеқайда жақсы пайдаланды, ыдыстағы сұйықтық көлемін де анықтады. Оқушылардың алдында тұрған дидактикалық мәселеле тұрғысынан қарағанда, бұл сабақ пайдасыз болып шықты. Дәл осы көріністі үлкендердің өмірінен де байқауға болады.

Ішкі мотивке ие адамдар оқығанды ұнатады, көбі екінші тіпті кейде үшінші диплом алып жатады. Тіпті бір мамандық оқып жүріп, өзге де қосымша ақылы курстарға қатысады. Алайда толып жатқан дипломдар, сертификаттар, оның кең ғылыми ой-өрісі кейде оның сапалы қызметіне кепіл бола алмайды. Мұның бәрі ішкі мотивке ие көптеген адамдардың қарым-қатынас жасауда қиындыққа тап болатынын, ұжымда жұмыс жасауда проблемасы болатындығын көрсетеді.
«Оқыту теориясы» атты еңбегінде Дейл Шунк: «Басты мәселе оқытушы білім алушыда дұрыс мотивтің болуы. Мотивация оқыту сатылары мен оның нәтижесіне әсер етеді деп, оны мінез-құлықтың қозғаушы күші деп есептейді. Қандай да бір себеп болған жағдайда мотивацияға негізделген мінез-құлық арта түседі. Ал танымдық теория ынта мен оқытуды бір-бірімен байланысты болғанымен, екі бөлек нәрсе деп қабылдайды. Біреуде мотивация болғанымен, оқығысы келмейді, ал басқа адам мотивациясыз-ақ оқи береді. Бұл теория бойынша мотивация зейінге тікелей әсер етеді және білімнің пайда болуына көмектеседі. Қозғаушы күш оқушыларды ынталандырғанымен, оның мінез-құлыққа әсері өздігінен іске аспайды, керісінше, оқушылардың оны қалай қабылдауына байланысты болады. Осы уақытқа дейін орын алған қозғаушы күш (адамның осы уақытқа дейін орындауға мәжбүр болған ісі) қазіргі сенімімен қайшы келген кезде адамдар сенімдеріне сүйенеді (Бандура, 1986; Брюэр, 1974). Зерттеулер оқушыларды ынталандыратын көптеген танымдық процес элементтерін анықтады. Мысалы, мақсат, әлеуметтік салыстырулар, өзіндік тиімділік, құндылықтар және мүдделер. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін мұғалімдер оқу тәжірибесі мен қоршаған ортаның ынталандыру әсерін естен шығармағаны абзал.
Зерттеушілер мотивацияның негізінде қандай да бір қажеттіліктің жататындығын жоққа шығармайды. (В.Д. Шадриков, В.А. Мазилов Общая психология. М. 2015). Олардың ойынша, мотивация орталық жүйке жүйесімен тікелей байланысты. Олар мотивацияның: Тағамдық мотивация және жыныстық немесе биологиялық мотивация, рухани мотивация сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді.
Мотивацияны іс-әрекет барысындағы қозғаушы күш ретінде қарастыра отырып, бірқатар зерттеушілер (Нюттен Ж. «Мотивация, дейтвие и перспективы будущего». М, 2004) мотивацияның бастау көзі стимул немесе сыртқы оқиғалармен байланысты емес, ол тұлғаның өз ішіндегі стимулы мен қажеттіліктерінде жатыр дейді. Осындағы қажеттілік дегеніміз не? Мотивацияға негіз болатын қандай қажеттіліктер дегенде ғалымдар тарапынан орныққан ортақ пікір жоқ. Әрбір зерттеуші түрлі қажеттілікке акцент жасайды. Мысалы, кейбірі физиологиялық қажеттіліктерді: шөлдеу, қарны ашу, өзін сақтау, ұрпақ жалғастыру, т.б. секілді бірінші орынға қояды. Келесілері әлеуметтік: атақ-абырой, өзгелерге үстемдік ету секілді қажеттілікті алға тартады. Біршама пікірлерді талдай келе қажеттіліктің мынадай 3 классификациясы жасалынды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет