Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу



Дата13.09.2020
өлшемі25,11 Kb.
#78509
түріСабақ
Байланысты:
Жазира Жаксимова
3. Эпилепсия, 3. Эпилепсия, Тарихи лексикология Аралбаева Аружан

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 А

Мектеп: №144 мектеп


Күні: 07.03.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксимова Жазира

СЫНЫП:5

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Аралас сандарды қосу.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.20. Аралас сандарды қосу және азайтуды орындау.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Аралас сандардың қосу ережесін біледі.


Оқушылардың басым бөлігі:

Аралас сандарды қосуды орындай алады.


Кейбір оқушылар:

Күрделі есептерде аралас сандарды қоса алады.







Бағалау критерийі

Аралас санды аралас санға қосу ережесін қолданып,

қосуды орындайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Аралас сандарды қосу алгоритмін түсіндіре алады.




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Аралас сан, бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі.



Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Бөлімдері бірдей аралас сандарды қалай қосамыз?

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қалай қосамыз?


Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану


Алдыңғы білім


Жай бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақ барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

5 мин




Ұйымдастыру кезеңі.

«Бүгінгі күндерің...» ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушыларды топқа бөлу.

(Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан жазылған қағаздар.)

Үй тапсырмасы «Әткеншек» әдісімен тексеріледі.



«Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?

2.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?

3. Бұрыс бөлшектерді аралас санға қалай айналдырамыз?

4.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?

5.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?

6.Аликвоттық бөлшек дегеніміз не?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.



«Ой қозғау» әдісі.

Сыныпқа ортақ сұрақ: Бүтін сан мен жай бөлшекті қосқанда қандай сан шығады? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :



Аралас сандарды қосу.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.


Қағаз қиындылары



Сабақтың ортасы

30 мин




Жаңа материалды меңгерту.

«Кластер әдісі» әдісі бойынша топтарға тапсырма беріледі.

Тақырыпшалардың анықтамасына, ерекшелігіне тоқталып,мысал келтіреді.

1.Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.

2.Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу.

3. Бүтін санды аралас санға қосу.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау.


«Кейс-стади» әдісі бойынша топтарға тапсырма беріледі.
І-топ

456 -1,2. Өрнектің мәнін табыңдар.

464 -1. Қосындының мәнін табыңдар.
Бірінші күні 3 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда кг артық жеміс жиналды. Үшінші күні 5 кг жеміс жиналды. Үш күнде барлығы қанша кг жеміс жиналды.?
ІІ-топ

456 -3,4. Өрнектің мәнін табыңдар.

464 -2. Қосындының мәнін табыңдар.
Жан-жағынан қоршалған жер телімінің ені 19 м, ал ұзындығы енінен 5 м-ге артық. Осы жер қоршауының периметрін табыңдар.

ІІІ-топ

457. -1,2. Өрнектің мәнін табыңдар.



464 -3. Қосындының мәнін табыңдар.
Бірінші күні 5 га, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда га артық ауданнан астық жиналды. Үшінші күні астық бірінші және екінші күндері жиналған ауданнан га артық жиналды. Үш күнде барлығы қанша гектар ауданнан астық жиналды.?
Дайын жауап үлгісімен өзін-өзі бағалайды.
Сергіту сәті.

«Жалғасын тап». Өрнектің шешімін тауып өзінің жұбын іздейді.
«Конверттегі тапсырмалар».Жеке жұмыс.
Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу:

4+1
9+7
Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу:
11+7


6+7

Дескриптор арқылы бағалау.
Сабақты бекіту. «Қос диаграмма» әдісімен бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу айырмашылығы мен ұқсастықтарын диаграмма салынған таратпаға жазады.

Оқулық,


таратпа қағаздар

Дайын жауап үлгісі

Дайын жауап үлгісі

Сабақтың соңы

5 мин





Үйге тапсырма.

№ 457 (3,4,5,6)

№ 464 (4)
Рефлексия: Ғажайып тақта

(Сабақ соңында оқушылар жұптасып, түсінбеген сұрақтарын стикерге жазып ғажайып тақтаға жапсырады және өздері білетін басқа жұптың сұрақтарына жауап беруге болады. Оқушылардан қалған сұрақтарға мұғалім жауап береді )

Стикерлер




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Қабілеті жоғары оқушыларға ізденушілік, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды дайындаймын.



1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

2 жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау.

3.Бірін-бірі бағалау

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

Денсаулық сақтау технологиялары.



Белсенді іс-әрекет түрлері, қауіпсіздік техникасы ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет