Тісжегінің этиологиясы мен патогенезі. Тісжегінің этиопатогенезі туралы кәзіргі заманғы көзқарастар. Тісжегінің таралу және қарқындылық көрсеткіштері. Стоматологиялық денсаулық деңгейі туралы түсінік. Тісжегісінің патологиялық гистологиясы. Тісжегінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Тісжегі - тістер шыққан соң пайда болатын патологиялық үрдіс. Бұл ауруда тістің қатты тіндерінің минералды құрылымдары бұзылып, кіреуке, дентин, цемент жұмсарады, соңында қатты тіндерде ақаулар немесе қуыстар пайда болады. Ең көп таралған ауру. Жер шарының 80-90% халықтары тісжегі ауруынан зардап шегеді. Тісжегі барлық адамдарда, яғни уақытша және тұрақты тістерде болады.