рн 4,5 дейін төмендегенде, сілекейде қышқылдық орта болады.
Е.Е.Платоновтың трофоневротикалық теориясы:
Теорияның оң мәні
Тістегі патологиялық үрдістер организмнің жалпы жағдайымен байланыстырады.
Теорияның теріс мәні
Автор жергілікті факторлардың әсерін (микроорганизмдер, тіс қақтары мен тастары, ауыз қуысының гигиенасы ж.т.б., есепке алмады.)
Д.А.Энтиннің физико-химиялық теориясы (1928ж.)
Теорияның оң мәні
1. Автор тістің қатты тіндері мен жалпы организм арасында тығыз физиологиялық байланыс бар екендігі дәлелдеді.
2. тісжегінің дамуына сілекейдің ролі ерекше. Жалпы соматикалық аурулардың сілекейдін құрамы мен қасиетіне әсер етіп, тісжегінің дамуына себебін тигізеді. Ксеростомия кезінде тісжегінің белсенділігінің декомпенсирленген түрі жиі кездеседі.
Теорияның теріс мәні
1.Тістің қатты тіндеріндегі заттардын орталықтан қашу қимылы физиологиялық үрдіс, ал орталыққа тартылатын қимыл тісжегі тудырады. Сілекейден кіреукеге органикалық және неорганикалық заттар орталыққа тартылу жолымен туседі. Дәл сілекей тіс жорып шыққаннан кейін кіреукенің минерализациясын жузеге асырады, деминерализация ошағын қайта құрылуын қампамасыз етеді.
Тістің тіндерінің минерализациясы мен деминерализациясына, өткізгіштік үрдісіне, физиологиялық және патофизиологиялық қатынасын: сілекей - тіс – қан; аралық бөлігі тіс ұлпасы әсер етеді. Солай бола тура ұлпа алынған тістер ұзақ уақыт бойы өз қызметін атқарады.
Заттардың кіреукеге қарай тартылуын есепке ала отырып, тісжегінің алдын алу мен емдеу әдістері ұсыналды.
3. тісжегі үрдіс кезінде көмірсулар мен микроорганизмдердің әсерін есепке алмады. Кәзір тісжегінің дамуына олардың әсері бар екендігі анықталды.