1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет22/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Орындалған тапсырма https: //univer.arsu.kz/ жүйесіне жүктеледі
Әдебиет
1.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group», 2019ж.120
2.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы,- 27-ші басылым./ С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.- 156 бет
3.Б.Б.Шағраева Химия танымы: Оқу құралы Қарағанды, 2019 ж.-196 б.


9.2.3 Тақырыбы:Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер
2.Өнім шығымын анықтау
Әдістемелік нұсқау
Есептер мен жаттығулар орындау
1. Массасы 150 г мырыш сұйық күкірт қышқылымен әрекеттескенде мырыш сульфатының қанша зат мөлшері түзіледі? Жауабы: 2,3
2. Массасы 100 г натрий сульфатын алу үшін күкірт қышқылы мен натрий гидроксидінің әрқайсысымен қанша грамм алу керек. Жауабы: 56,3г 69г
3. Массасы 100 г күміс нитратын алу үшін күмістің қанша зат мөлшерін концентрлі азот қышқылында еріту керек? Жауабы: 63,5
4. Массасы 40 г бертолле тұзы ыдырағанда алынатын оттектің көлемі қандай?Ж-бы: 10,97
5. Массасы 10 г натрий хлориді мен 17 г күміс нитраты әрекеттескенде қанша күміс хлориді алынады? Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндіде қандай заттар болады? Олардың массалары қандай? Жауабы: 14,35г 4,15г
6. Құрамында 30г азот қышқылы бар ерітіндіге 20г калий гидроксидін қосқаннан кейін реакция ортасы қандай болады? Түзілген тұздың массасы қандай? Жауабы: 3,6
7. СаСО3 ыдырағанда 11,2 л көміртек (IV) оксиді бөлінеді. Бөлінген газдан карбонат алу үшін қанша КОН қажет? Жауабы: 56г
8. 77 г калий силикатынан 31,2 г кремний қышқылы алынды. Алынған қышқылдың шығымын есептеңіз Жауабы: 80%
9. 212 г натрий карбонаты ерітіндісі тұз қышқылымен әрекеттесу нәтижесінде 11,2 л (қ.ж.) көміртек оксиді алынды. Ерітіндідегі натрий карбонатының массалық үлесін есептеңіз
Жауабы: 25%
10. Массасы 200 г техникалық мыс (ІІ) оксидін қыздыру арқылы сутегімен өңдеді, нәтижесінде 128 г мыс алынды. Оксидтегі қоспаның массалық үлесін есептеңіз.
Жауабы: 20%
11.176 г темір (ІІ) сульфиді мен 146г тұз қышқылы әрекеттесу нәтижесінде түзілген күкіртсутектің (қ.ж.) көлемін анықтаңыз. Жауабы: 44,8 л
12. Құрамында 90% Fe2O3 бар I т рудадан 5% қоспасы бар шойынның қандай массасы алынады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет