29
тарихындағы орнын тұғырлы түрде танытып берді. Қожа Ахмет Яссауи сопылық идеясының
жоғары рухтық, патриоттық негізін «95-толғау туралы» еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті.
Европалық мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, ғалымдарының зерттеулерін де талдап
отырады. Қ.Жұбанов – халықтың білімін көтеріп, сауаттандырумен байланысты жүзеге
асырылатын жаңа алфавитке (латындандыру) көшуге қатысты Бүкілодақтық орталық комитеттің
белсенді мүшесі болды. Әсіресе, тап осы тұста да Қ.Жұбановтың еңбегі өте ерекше болды. Ол
қазақ алфавитін латынға көшіру жобасына байланысты көптеген ғылыми бағдарламаларды
дайындайды, латындандыруға қатысты бұрын ұсынылған нұсқаларға нақты сын-ескертелер береді
және бұл жобада мақсатқа жету жолындағы ұсыныстарын енгізді. Осы орайда айта кету керек,
бүгінгі таңда алға қойылып отырған қазақ елін латындандыруға көшіруде оның идеялары әлі де
құнды болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: