24
Халық өмірінің барлық саласын қамтыған фольклорлық
шығармалардың өмірлік,
философиялық мәні. Өмір заңдарына терең бойлаудан, салыстырудан,
адамзат қауымының сан
қилы белестерінің шындығынан жасалған ауыз әдебиеті мұрасының танымдық белгілері.
Фольклордық жанрлардың қызметі мен қоғамдық мәні, халықтық сипаты. Жанрлық түрлері,
көркемдік ерекшеліктері, эстетикалық, тәрбиелік маңызы. Әдет-ғұрып, салт-сананың фольклорлық
жанрлар сюжетінен алатын орны. Отаншылдықты дәріптейтін мұра — эпостық жырлардың
жасампаз қаһармандары. Елін, жерін сырт жаулардан қорғаған
батырлар туралы жыр-
дастандардағы халық мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген
халықтың сүйіспеншілігі. Қазақ халқының эпикалық мұрасы – ешқашан ескірмейтін, еліміз бастан
кешірген замандар ақиқатын өзгеше көркемдік тәсілмен жеткізген асыл қазына. Ол мұра бүгінгі
және
келешек қауымға отаншылдықтың, ерліктің, намыстықтың аманат сөзін ұқтыратын асыл
жәдігер.
Бекіту сұрақтары:
1.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым қалай аталады?
2.
Фольклордың утилитарлық (қолданбалы) қызметі дегенді қалай түсінесіздер?
3.
Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі
деген ұғымға анықтама
беріңіздер.
Әдебиет
1.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезеңі. 1-том., «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасының кітап сериялары. Алматы, 2017.
2.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. І том. Өңд., толықт.екінші бас. Құрастырған
С.Садырбайұлы. Алматы: «Қазақ университеті», 2015. –275 б.
3.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. ІІ том. Өңд., толықт.екінші бас. Ред. басқ.
Ғ.М.Мұтанов. Алматы: «Қаз.унив.», 2015. – 276 б.
4.
Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. Астана, 2002.
5.
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. Алматы, 2014. – 288 б.
6.
Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы,
2001. – 332б.
Тақырыбы
:Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі
Сағат саны
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр.
2.
Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.
Дәріс тезисі
Орхон-Енисей жазбаларының идеялық желісі. Евразияның ұлы кеңістігін жайлаған түркі
халықтарының
рухани
бірлігі,
тұтастығы,
тіл
мәртебесі,
діни
нанымының
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларынан көрініс табуы. Руникалық
мұрадағы ел бірлігінен
ажырамау, мемлекет ішіндегі алауыздыққа, өзара тартыс пен бақталастыққа жол бермеу мәселесі.
Орхон ескерткіштері және эпикалық дәстүр. Түркі қағанаты шежіресінің бүгінгі күндегі өзектілігі.
Түркі халықтарының VII-VIII ғасырлардағы мәдени мұраларының қатарында есептелетін Орхон-
Енисей жазбалары Енисей өзені мен Моңғолия астанасы маңындағы Орхон өзенінің бойынан
табылғанын, ол тасқа қашап жазылған әйгілі Тоныкөк, Күлтегін,
Білге қаған жырлары екенін
қазіргі күні көзі қарақты жандардың барлығы біледі. Сондай-ақ, басы барды идіріп,
тізеліні
бүктірген түркі халқының далалық империя құрып, өркениет жасағаны тарихтан мәлім. Бұл күнде
Орхон-Енисей жазбаларымен қосып есептегенде түркі жұртының сырлы тарихын 150-ден астам
ескерткіштен оқуға болады екен және мұның бәрі түркі жазуы деп есептеледі.Бүгінгі түркі
мемлекеттері сақтар мен ғұндардың, Түрік қағанатының заңды жалғасы еді.
Алтын сарайларда
тұрып, алтын тақта отырған, алтыннан киім киген, өлісін де
алтыннан киіндіріп көмген, байтақ
тарих жасаған, өнеге қалдырған бабаларымыз ешқандай да озбырлар мен жабайылар болған жоқ.
Бодан болған екі ғасыр ішінде тарихымыз табанға тапталды. Кеңес дәуіріндегі біздің тарихымыз
саясаттың құрбанына айналды. Соның салдарынан ел жадынан айырыла жаздады. Түркітектес ха-
лықтардың бағы тәуелсіздік дәуірімен бірге жанданды.
Достарыңызбен бөлісу: