Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультеті
Реферат
Тақырыбы:Жеке табыс салығы.
Орындаған: Тиркешова Ақтолқын, 2 курс студенті
Тексерген: Тлеубергенова М.А
Ақтөбе 2023
Жоспар:
1. Шет елдердегі жеке табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.Жалпы ережелер
3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері
Шет елдердегі жеке табыс салығы.
Жеке табыс салығы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдерінде де бар. Бірақ оның жеке тұлғалардан алыну тәртібінде, салынуында кейбір өзгешеліктер бар. Мысалы Ұлыбританияда табыс салығы заңмен шешілген жеңілдіктер шегерімі есебінде жылжық жиынтық табыс ретіндегі салық салынатын табыстан ұсыталынады. Сонымен қатар ол жалақылық және инвестициялық (еңбекпен табымаған) болып бөлінеді.
Төлем көзінен жалақы мен айлықтан түскен табыстан тұратын жалданған еңбек тұлғасы үшін салық декларациясы толтырылмайды. Басқа жағдайларда табысқа салынатын салық заңмен белгіленген мерзімде, салық төлеушімен ұсынылған декларация негізінде жүргізіледі.
Британиялық табысқа салынатын салық шешуші деңгейде 1965 және 1973 жж. реформалар көмегімен ұйымдастырылды. 1965 жылға дейін табыс салығын жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалар да, оның ішінде корпорациялар төледі. Корпорация пайдасына жеке салық енгізілгеннен кейін, оның әрекет ету саласы жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе іскерлік серіктестік партнері ретінде танылатын адамдарды қосқанда, азаматтардың жеке табысына дейін қысқарады.Табысқа салынатын салыққа елеулі өзгерістер 1973ж. реформа негізінде енгізіледі, нәтижесінде жалақылық және инвестициялық табыстарға ставкалардың бірыңғай шкаласы бойынша салық салына бастады. Бұл салық салу техникасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жеңілдіктер мен түсімдерді есептеуге арналған шедулалар міндетін түпкілікті деңгейде өзгертті.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. корпорациялық табыс салығы.
2. жеке табыс салығы.
3. қосылған құн салығы.
4. акциздер.
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлімдері.
6. әлеуметтік салық.
7. жер салығы.
8. көлік құралына салынатын салық.
9. мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін.
9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10.аукциондардан алынатын алым.
11.елтаңбалық алым.
12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы.
3. қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы.
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. кеден бажы.
2. кеден алымдары.
3. төлемақы.
4. алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комиттеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда-бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде-экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу)процесі.
Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты — өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |