1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет23/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика

11 дәріс
Тақырыбы:Жылулық сәуле шығару
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Температуралық жарық. Кирхгоф заңы. Дененің спектрлік сәуле шығарғыштық және сәуле жұтқыштық қабілеттері. Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары: Стефан-Больцман заңы, Вин заңы, Релей-Джинс заңы, Планк формуласы. Қара емес денелердің сәуле шығаруы.
Дәріс тезисі
XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі – кванттық теорияны қалыптастыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл атқарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда дене әртүрлі т.ске еніп, сәуле шығара бастайды. Темірді қыздырғанда, ол әуелі қызыл, содан кейін қызыл-сары, одан әрі ақ-сары түске бөленеді. Электр шамының вольфрам қылын 3000 0С –ға қыздырғанда, ол ақ жарық сәуле шығарады.
Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды. Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар өзіне сырттан келіп т.сетін әртүрлі жиіліктегі сәулелерді де толық жұтып алады. Сондықтан ол абсолют қара денелер қатарына жатады.
Абсолют қара дене үшін: . Сұр дененің жұту қабілеттілігі барлық жиілік үшін бірдей, тек дененің температурасы мен материалына тәуелді, және 1-ден кем.
.
Абсолют қара дененің сәуле шығару заңын Стефан 1879 жылы экспермиент жүзінде, ал Больцман 1884 жылы аналитикалық формула түрінде ашқан болатын. Стефан-Больцман заңы: абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеті оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал.

Виннің ығысу заңы: абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеттілігінің максимум мәніне келетін жиілік оның абсоют температурасына тура пропорционал болады:

Релей-Джинс өрнегі: . Абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті үшін Релей және Джинс өрнегі тек төменгі жиілік немесе ұзын толқын аумақ үшін ғана дәл келеді. Ал, жоғары жиіліктегі аумақ (қысқа толқын аумағы) үшін Релей және Джинс өрнегі тәжірибелік мәндерінен көп алшақ кетеді. Қысқа толықн аумағында теория мен практиканың алшақтауы «ультракүлгін апаты» деп аталады.
Бекіту сұрақтары

  1. Жылулық жарық шығару құбылысын түсіндіріңіз

  2. Жылулық жарық шығару заңдылықтары қандай?

  3. Кирхгоф заңын түсіндіріңіз

  4. Абсолют қара дене дегеніміз не?

  5. Стефан-Больцман заңын айтып беріңіз

  6. Виннің ығысу заңын тұжырымдаңыз

  7. Планк формуласының физикалық мағынасын түсіндіріңіз

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.



12 дәріс
Тақырыбы:Жарықтың әсерлері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Фотоэлектрлік эффект. Столетов тәжірибесі. Столетов заңдары. Фототок күшінің потенциалдар айырмасына тәуелділігі. Фотоэффектінің қызыл шекарасы. Жарық кванты. Эйнштейн теңдеуі. Фотон энергиясы. Фотон массасы мен импульсі. Фотоэффект құбылысын пайдалану. Жарық қысымы. Лебедев тәжірибесі.
Дәріс тезисі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет