Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 21 тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды. ЖСШМ құрудың негізгі мақсаты спортшыларды халықаралық жарыстарға қатысуға (спорттық резервті) дайындау болып табылады.
ЖСШМ заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын,
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Дене шынықтыру және спорт туралы»
1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын,
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік мүлік жөніндегі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және ЖСШМ жарғысын басшылыққа алады.
ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін, сонымен қатар филиалдарын ашуға құқылы.
Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бұқаралық-спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi – дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн реттейтiн ресми құжат;
2) уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) спорт түрi – бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайманы мен жабдығы, жарыс ережесi айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;
4) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылыр құрамына жалпы басшылықты iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
5) жаттықтырушы-оқытушы – жоғары кәсiптiк бiлiмi бар және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын жеке тұлға;