1. ПӘн туралы мәлімет



бет22/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

БЖСМ негізгі мiндеттерi:
1) жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету;
2) спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру;
3) жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету;
4) спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау;
5) БЖСМ жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
БЖСМ жұмысының негiзгi нысандары:
1) оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);
2) оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;
5) медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы.
Оқушылар физикалық дайындығы дәреженің негізінде топтарға алынады.
БЖСМ қызметін күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырады. Спорттық-сауықтыру топтарын қоспағанда, оқу жылы 1 қыркүйектен басталады
Топтарды қалыптастыру шарттары және қабылдауға қойылатын талаптар:
1) спорттық-сауықтыру топтарына спортпен шұғылдануға ниетті 6-дан 15 жасқа дейінгі барлық балалар, сондай-ақ, алғашқы даярлық тобына қабылдауға қойылатын талаптарды орындамаған, медициналық қарсы қөрсетілімі болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;
2) алғашқы даярлық топтарына 1-қосымшада спорт түрі бойынша белгіленген ең аз жасқа сәйкес спортпен шұғылдануға ниетті және дене тәрбиесі даярлығы бойынша нормативтік талаптардан (тестілерден) өткен, медициналық қарсы көрсетілім болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;
3) оқу-жаттығу топтарына бастапқы даярлық топтарында кемінде бір оқу жылында дайындықтан өткен және жалпы физикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтік талаптарды (тестілерді) орындаған, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты бар балалар алынады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет