1. ПӘн туралы мәлімет


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет34/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Студеттердің сабақтағы тәртіп ережелері, курс саясаты немесе талаптар жүйесі:

  • Сабаққа кешікпеу;

  • Сабақты өткізбеу, ауырған жағдайда анықтама ұсыну;

  • Қатыспаған сабақты оқытушының қойған уақытында орындау ;

  • Ұялы телефондарды өшіру;

  • Сабақ барысында белсенді қатысу;

  • Үй тапсырмасын уақытында орындау;

  • Орындалмау жағдайында баға төмендетіледі;

  • Міндетті және уақытында болу.

Академиялық тәртіптің саясаты:

  • Сабырлы болу, басқалардың көзқарасын тыңдау және құрметтеу;

  • Қарсылықты нақты түрде ұсыну;

  • Аудиториядағы тәртіп: Міндетті және уақытында болу, сабаққа кешікпеу, сабақта сөйлеспеу, аландамау, ұялы телефондарды өшіру (рейтинг бойынша баллдардын төмендеуі);

  • Жұмыстарды уақытылы ұсыну (үй тапсырмасын уақытында өткізбеу– рейтинг бойынша баллдар төмендейді);

  • Емтиханға қатыспау (себеппен – ауыстырылады, себепсіз – келесі семестрге ақылы ауыстырылады).



Семинар сабағына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабағы оқудың диалогтық формасы болып табылады. Студенттер білімдерді белсенді талқылау процесінде меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Семинар барысында студенттер дәрістен немесе оқулықтардан алған білімдерін (оларды мамзұндау және талқылау процесінде) бекітеді.
Семинар сабақты жүргізу барысында шешілетін педагогикалық міндеттер:

  1. білімдерді кеңейту және тереңдету;

  2. өзбетінше жұмыс істеу ептілігін дамыту;

  3. интеллектуалдық іс-әрекетті ынталандыру.

Студенттердің семинар сабаққа дайындалуы әдебиет іздеуден, оны оқудан және коспект жасаудан тұрады. Әдебиеттерді іздеуде студент оқытушы ұсынған әдебиет көздеріне сүйене алады: негізгі және қосымша әдебиеттер. Немесе студент қажетті әдебиет көздерін өздігінен іздеуіне де болады. Бұл оның өзбетіншелік дәрежесін анықтайды.
Негізгі оқу міндеті - студенттің семинарға дайындалу барысында оқу құралдарын және түпнұсқаларды оқуы болып табылады. Әр семинар сабаққа берілген сұрақ нақытланған және студенттің мақсатты түрді ізденістік, интеллектуалдық белсенділігін ынталандырады.
Студент семинар сабағына дайындалу үшін:

  1. Ұсынылған әдебиеттер тізімімен танысып, оларды семинардың негізгі сұрақтарының астарына сәйкес қарастыру керек. Журналдардағы мақалаларден және хрестоматияларден конспект жасау қажет емес.

  2. Психология, педагогика бойынша оқулықтарды, сөздіктері және монографияларды қолдану керек.

  3. Бірнеше ұғымдарды қарастыру керек болса, кесте және схема түрінде конспекттеуге болады.

  4. Берілген тақырыптарға сәйкес келесі түрде дайындалуға болады: автордың позициясымен таныстыру, басқа авторлармен салыстыру, оқыған материал бойынша өз пікіріңді білдіру.

  5. Семинарға дайындалған кезде жоспарға сүйене, тақырыптың барлық сұрақтарына дайындалып және дәптерге жауапты қысқаша жазу қажет.

  6. Семинар тақырыбының соңындағы тапсырмаларға назар аудару қажет.

  7. Семинарға дайындық кезінде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді сонымен қатар студенттің өз бетіндік ізденіс үстінде тапқан еңбегін пайдалана алады.

Әдебиет көздерінен конспект жасаған кезде және ақпаратты ұғыну үшін студенттер келесі әрекетті жүзеге асыру тиіс:

  • негізгі мәнді ақпаратты таңдап алу, оларды қосымшадан бөліп алу;

  • материалды лексикалық түрде өңдеу;

  • семинар тақырыбы бойынша ұғымдар сөздігін құру;

  • оқыған материал бойынша өз қорытындысын жасау.

Семинар сабағы келесі түрде жүргізілуі мүмкін:
1.Семинар сабағын репродуктивті типте өткізу.
Бұл жерде студентке негізгі сұрақтардың мазмұнын ауызша ашу мүмкіндігі беріледі. Студент берген жауабын тыңдаған соң басқа студенттерге оны толықтыру, комментарий жасау, өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі. Студент келесі нәрселерді сақтау керек:

      • уақыт регламентін сақтау;

      • өз пікірін білдіру;

      • басқа сабаққа қатысушыларды белсендендіру;

      • жауап берген кезде еркін сөйлеу керек;

      • қарастырылған сұрақ бойынша қорытынды жасау.

2.Семинарды шығармашылық түрде жүргізу.
Бұл жерде студенттердің ойлау белсенділігін, өзара белсенділігін жандандыратын тапсырмалар беріледі.
Студент сұрақтарға келесі типтегі жауаптар бере алуы тиіс:

  1. бір-бірінен айырмашылығы неде?

  2. олардың арасындағы ортақ нәрсе?

  3. Қандай механизмдер?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет