1. ПӘн туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



бет19/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

  • дене шынықтыру және спорт саласында мемлекетті басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

  • дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша ҚР нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

  • спорт түрлері бойынша жарыстардың қағидаларын бекітеді;

  • дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; Спорттық атақтар, разрядтар және санаттар беру тәртібін айқындайды;

  • спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізеді, ҚР Ұлттық құрама командаларының мүшелерін дайындау мен олардың халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады ;

  • спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;

  • дене шынықтыру және спорт қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;

  • дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламалары мен оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді,

  • ҚР заңдарында, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына кіретін спорт және дене шынықтыру істері комитетінің құрамында спорттың жазғы және қысқы түрлері, бұқаралық спорт және олимпиадалық емес спорт түрлері, ұлттық спорт түрлері және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі, лотерея қызметін үйлестіру, кадр және әкімшілік жұмыс, экономика және қаржы, спорт инфрақұрылымын дамыту, құқықтық жұмыс және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармалары бар.
Жергілікті атқарушы органдар:

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді; облыстық, аудандық құрамалардың дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

  • өз аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;

  • спорттық разрядтар мен санаттар беру;

  • облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады ;

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді; спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

  • дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді және жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет