1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет18/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Практикалар

Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.

  • жұртқа үндеу,үгіт айту үшін қолданылады;

  • қоғамдағы маңызды мәселелер тақырып болады: саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер;

  • сөз нақты, жинақы, тұжырымды құрылады;

  • экспрессивті, екпінді болады;

  • тыңдаушыларды немесе оқырманды сол мәселеге араласуға жетелейтіндей болып құрылады;

  • тақырыбына сай көркем әдебиет не ғылыми стильге жақын болады;

  • ауызша, жазбаша формада болады,ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стилінің сипаттарына ие болады.

Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалықмазмұн дәлелділігі қажет.
Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады.Яғни،ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.

  • лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады;

  • сөз нақты өз мағынасында қолданылады;

  • көп мағыналылы сөздер, образды сөздер аз кездеседі;

  • ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер,интернациональдық терминдер мол қолданылады;

  • нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;

  • күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет