1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі


-практика Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер



бет20/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Практикалар

15-практика
Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Десек те, қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарған ауыз әдебиетінің бұл жанры қағаз бетіне XIX ғасырдың екінші жартысында ғана түскен. Филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақ "мақал әр кезеңнің оқиғасынан сыр шертеді" дейді.
– Мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы. Оны адам өміріне, тұрмыс–тіршілігіне, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданады. Мақал-мәтел ғылымын зерттейтін паремиология ғылымы осындай тұжырым жасайды, – дейді ол.
– Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады. "Еңбегі бардың – өнбегі бар", "Еңбек түбі – мереке", "Бейнет түбі – зейнет", "Бейнетсіз рахат жоқ", "Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер". Сонымен қатар мал сырын жақсы білетін қазақ төрт түліктің өзіне тән қасиетін де атап өткен.
"Мал бақсаң қойдан бақ, май кетпейді шараңнан", "Ат шаппайды, бап шабады". "Жатқанға жан жуымас, Жалқауға жан жуымас", "Ұрыға мал құтаймас", "Жортуылшының басы жолда қалады". "Жылқы – малдың патшасы" деп ойын анық аңғартып отырған. Бір айта кетерлігі, қазақ мақал-мәтелдерінің басты ерекшелігі қанша уақыт өтсе де мәнін жоймаған, ескірмеген, – дейді филолог.
Қазақтың би-шешендері даулы істе тапқырлығымен қатар шешендік танытқан. Барша жұртты аузына қаратып сөйлей білмеген шешеннің беделі болмаған. Өйткені кез келген даулы істе жүйелі сөйлеп, тапқырлық танытпаса, оны тыңдайтын құлақ болмаған. Ал мақал-мәтел – сөздің тұздығы.
Хан-төрелердің әділетсіздігіне тап болып, жауыздық іс-әрекетіне куә болған халық "Биің қылаң болса, жұртың ылаң болар", "Қансоқта жеп ит семіреді", "Төреге ерген ер тоқымын арқалар", "Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді", "Теңгелі жерде теңдік жоқ" деп әшкере қылған.
Қазақ мақал-мәтелдерінің кеңінен тарауына би-шешендер маңызды рөл атқарған. Олардың айтқан сөздерін бір-біріне үлгі етіп, өсиет ретінде таратқан. Ағайын арасындағы татулық, өнеге туралы ойларын алға тартып, тәрбие құралының бірі ретінде пайдаланған. "Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін". "Абысын татау болса, ас көп", "Ағайынның азары болса да, безері болмайды" деп бірлік, ынтымаққа шақырған.
"Өткен іске өкінбе", "Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле", "Сыртынан көріп, ішінен түңілме, қарасын көріп, күшінен түңілме","Ауру астан", "Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый", "Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың", "Өнерлінің өрісі ұзақ"" деп өсиет қалдырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет