2-есеп. Жіпке ілінген суы бар шелек тербеліп тұр. Шелектің түбіндегі тесіктен су біртіндеп ағып түр деп есептеп, жүйені математикалық мятник деп есептеп оның тербеліс периоды өзгереме жоқ па деген сұраққа жауап беру керек.
3-есеп. Бір уақыттың өзінде бір математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайдыОлардың бірінің ұзындығы екіншісінен 32см қысқа екендігі берілген деп олардың ұзындығын табу керек.
.
В деңгейлі тапсырмалар
1-есеп. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?
2-есеп. Маятник ұзындығы 98 см, жеңіл жіпке ілінген, диаметрі 4 см болатын шардан тұрады. Егер маятниктің тербеліс периоды 2 с болса, оның еркін түсу үдеуін анықтаңдар.
3-есеп. Көлденең толқын шнур бойымен 15 м/с жылдамдықпен таралады. Шнурдың нүктелерінің тербеліс периоды 1,2 с., тербеліс амплитудасы 2 см . 4 с кейінгі нүктелердің ығысуын және толқын ұзындығын анықтау керек.
4-есеп. Амплитудасы 5 см, периоды 0,50 с болатын гармониялық тербелістің теңдеуін құрыңдар.