№1-практикалық жұмыс



Дата20.10.2022
өлшемі20 Kb.
#154158
Байланысты:
Практикалық


№ 1-практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы» пәнінің ерекшеліктері, оның ғылым салаларымен байланысы. Оқу бағдарламалары мен олардың ерекшеліктерін талдау.
Тапсырманың берілгені:
1. «Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы» пәнінің ерекшеліктерін айтыңыз.
2. «Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы» пәнін зерттеу әдістері мен басқа ғылым салаларымен байланысын талдаңыз.
«Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы» пәні төмендегідей ғылым салаларымен байланысты:
1} философия;
2} педагогика;
3} информатика;
4} физика
5} логика;
6} математика негіздері;
7} цифрлық сауаттылық.
3. «Ақпараттық-коммуникациялық технология» (АКТ) пәнінің оқу бағдарламасы. «Бағдарламалау» және «Робототехника» бөлімдерінің мазмұнын талдаңыз.
4. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны: Робототехника бөлімінің мазмұнын талдаңыз.
1-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).";

2-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": компьютер құрылғылары; енгізу (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар) құрылғылары.
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу":
Мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;
Графика: суретті өңдеу, суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту, сурет фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, аудиофайлдарды өңдеу;
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану, қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;
4) "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм, алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру;
5) "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру, жанап өтетін датчикті қолдану, роботқа арналған аудиофайлды жүктеу, роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.";

3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған пернетақталар. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда "қызу" пернетақталарді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтінді теру ережелері, маркіленген және нөмірленген тізімдер, мәтінді өңдеу, шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу), кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою, мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу, Презентациялар: презентация конструкторы, программа мәзірі, презентацияның ашылуы мен сақталуы, мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары, жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану;
4) "Есептей білу".
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру, дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу, программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) "Робототехника": орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру, робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.";
5. «Ақпараттық-коммуникациялық технология» (АКТ) оқулығындағы бөлімдерге талдау жасаңыз.
6. «Цифрлық сауаттылық» оқулығының ерекшеліктері.
Цифрлық технологиялар қоғамды ақпараттандырудың негізгі факторларының біріне айналды. Қоғамның ақпараттануы жаңа есептеу құралдары базасында ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, сақтау мен тасымалдаудың жаңа әдістерін ендірумен ерекшеленеді. Білім қорын жинақтау мен түрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері адам іс-әрекетінің барлық саласында ойлау әрекетін дамытуға ықпал ететін, есептеу тәсілдерін қажет ететін маңызды үдеріс болып саналады.
Цифрлық технологияны қолдану сандық формада ұсынылған ақпарат түрлерімен жұмыс істеуді жедел әрі жеңіл ететіні белгілі. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуды бастауыш сыныптардан бастап оқыту еліміздің білім беру жүйесіне алғашқы тәжірибе ретінде енгізілді.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде дайындалған 3-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» оқулығының әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен оқу бағдарламасы негізінде жасалған. «Цифрлық сауаттылық» курсы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың бастапқы негізін қалайтын пропедевтикалық курс әрі кіріктірілген пән ретінде дайындалды. Әдістемелік құралда пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқушылардан күтілетін нәтиже, пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау үдерісі жөнінде түсіндірме беріліп, әрбір сабақтың қысқа мерзімді жоспарының үлгісі ұсынылды.
3- сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының Әдістемелік нұсқаулығында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген кең ауқымды дағдылар: сын тұрғысынан ойлау, проблеманы шешу, өз бетімен білім алу, бірлескен топтық әрекетке түсу секілді ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту көзделген.
Әдістемеліктің әрбір тақырыбында оқу мақсаттарының мазмұнын игеруге тиімді болатын ақпараттар мен оқушыларға түсінікті әрі олардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар, сұрақтар берілді.
Тақырып мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен, бірлесіп оқуға арналған түрлі тапсырмалар, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
№ 2-практикалық жұмыс
Тақырыбы: 1. «Робот» ұғымына берілген анықтамаларға сипаттама, талдау.
2. Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.
Тапсырманың берілгені:
1. «Робот» ұғымына берілген түрлі әдебиеттердегі анықтамаларға талдау жасаңыз.
Робот (чех. robot, robota – еріксіз еңбек, rob – құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында «жұмысқа шебер адам» мағынасында қолданылды) – антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.Роботтар – технологиялық үрдістің негізгі операцияларын орындайды. Олар иілу, пісіру, бояу, құрастыру және т.б тәрізді операцияларын орындайды, өндіретін және өңдейтін машиналар ретінде технологиялық үрдісте тікелей қатысады.
2. Робот техникасының негіздері, пайдалану салаларына тоқталыңыз.
Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
3. Оқу бағдарламаларындағы роботпен байланысты материалдарды кестеге түсіріңіз.

4. Оқулықтардағы «робот» ұғымымен байланысты материалдарды талдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет