1. Практикалық сабақ. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлтазаттық бірегейлік. Тапсырмалар



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі15,92 Kb.
#118713
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ардак


1.Практикалық сабақ. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлтазаттық бірегейлік.
Тапсырмалар;
1.Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері.

Еліміздегі ұлттық бірегейліктің қалыптасу мәселесі ескі кеңестік және жаңа қазақстандық саяси мәдениеттің өзара күрделі қарама-қайшылығы арасында жүзеге асып жатқандықтан, қазіргі қазақстандық қоғамдағы оның маңыздылығы бірнеше негізгі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін басқа да посткеңестік елдердердің бірі ретінде өзінің ұлттық және мемлекеттік құрылысын қалыптастыруға ерекше көңіл бөле бастады. Қазақстандағы ұлттық құрылысты қалыптастыру үрдісінде ұлттық бірегейліктің анықталуы күрделі қарама-қайшылықтардың қатар жүруімен ерекшеленеді. Яғни, қазақстандық қоғамда өзекті пікірталасқа айналған титулды ұлт пен басқа да этностар арасындағы бірегейлікті анықтаудағы бәсекелестігі «қазақ» және «қазақстандық» 6 Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері ұлт қарама-қайшылығының көрініс беруіне жол ашты. Екіншіден, қазіргі қазақстандық қоғамда ұлттық бірегейліктің анықталуы аясында қоғамдағы көзқарастардың қарама-қайшылығын түсіну үшін өткен тарихқа көз жүгірткен абзал. Кеңестік саяси мәдениеттің қалыптасу тарихында ұзақ уақыттар бойында адамдар санасында олардың ұлттық құндылықтарына қарағанда идеологияға негізделген интернационалистік рухтағы тәрбие әлдеқайда жоғарғы деңгейде рөл атқарды. Сол үшін жаңадан қалыптасып келе жатқан саяси мәдениеттің идеялық тұрғыда кедергілерге тап болу себептерін айқындау кеңестік саяси сананың тұрақтылығымен тығыз байланысты. Сондықтан, қазақстандықтардың жаңа саяси мәдениеті мен ұлттық санасының қалыптасу үрдісі кеңестік символдар мен идеологиялық қалдықтардан толықтай бас тартуды қажет етті. Үшіншіден, Қазақстанның ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мен ұлттық санасын оятудың ерекше белгісі ретінде қазақ халқының этномәдени символдарын қайта жандандырып, оларды қолданысқа енгізуге назар аудару болып табылады. Осы орай- 7 Кіріспе да Қазақстан тарихының этномәдени символ ретінде маңызы орасан зор екендігін айта кету қажет. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, тарихы национализммен өзара тығыз байланыса отырып, идеологиялық құрал ретінде ұлттық саясат та кеңінен қолданыла бастады. Тарихтың бұлай национализациялануы посткеңестік елдердің ұлттық саясатының тәжірибесінде кең таралған үрдіс саналады. Бұл үрдіс өз кезегінде Қазақстанның ұлттық бірегейлігін қалыптастыру аясында қазақстандық қоғамдағы мемлекет пен элиталардың өзара бірлескен және қарамақарсы әрекетін көрсетіп отыр. Төртіншіден, кез келген халықтың мәдениеті мен бірегейлігін қалыптастыруда сол халықтың санасында этномәдени символ ретінде тарихи тұлғалар да ерекше қызмет атқарады. Соның ішінде Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің қалыптасуында бұрынғы кеңестік саяси сана мен жаңа қазақстандық сананың өзара бірбірімен қарама-қайшылығының көрінісі қазақстандық қоғамның саяси санасынан байқалады. Әсіресе, бұған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи тұлғасы анықталуы төңірегіндегі қазіргі кездегі қоғамдағы әртүрлі қарама-қарсы пікірталастардың күресі арқылы көз жеткізуге болады. Сондықтан, Қазақстан тарихындағы көрнекті тарихи тұлғалардың қазіргі уақытта орны анықталып, олардың тарихи бейнесі ұлықталғанымен, қоғамда әлі күнге дейін кейбір тарихи тұлғаларға қатысты кереғар көзқарастар бар. Бесіншіден, біртұтас құдіретті кеңестік-коммунистік идеологияның тарих сахнасынан біржолата кетуінен кейін қазақстандық қоғамда оның орнын басатын жаңа идеологияның келуін халық тағатсыздана күтті. Алайда, бұрынғы құдіретті коммунистік идеологияның ыдыра- 8 Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері уы Қазақстанда ұсақ-ұсақ идеологиялық концептілердің пайда болуына алып келді, яғни идеологиялық плюрализмге жол ашты. Идеологиялардың шығарылуы мен оның қоғамдағы қызметіне байланысты жаңаша көзқарастар пайда бола бастады. Бұрын идеологияның пайда болуы мен оның дамуы мемлекет тарапынан қамтамасыз етілсе, енді жаңа қазақстандық қоғамда идеологиялық кеңістікте мемлекетпен қатар түрлі мүдделі топтар өздерінің идеяларын қоғамға ұсынуға белсене атсалыса бастады. Осы орайда, еліміздің идеологиялық кеңістігінде қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігін анықтауға қатысты туындаған идеологиялық концептілер қазақстандықтардың жалпыхалықтық бірлігін нығайтуға байланысты саяси бағдарларының қалыптасуына барынша жағдай жасап отыр. Посткеңестік кеңістікте жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық мемлекеттердің осы уақытқа дейін тәуелсіздік тарихында ұлттық және азаматтық бірегейлік мәселелері қоғам назарынан оқшау қалған емес. Бұл тұрғыда посткеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстандағы ұлттың топтасуы мен бірегейлігінің анықталуы, оның қалыптасу мәселелерін зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Қазақстанның саяси мәдениетін қалыптастыру жағдайында ұлттық бірегейлік мәселесін терең зерттеу үшін танымал шетелдік және отандық ғалымдардың тақырыпқа қатысты еңбектері жан-жақты сарапталып байыптаудан өткізілді. Әлемдік деңгейдегі зерттеушілердің ғылыми еңбектерін сыни талдаудан өткізу арқылы көптеген ғалымдардың ұлттық бірегейлік ұғымын ұлт және этнос ұғымдарының шығуымен тығыз байланыста қарастыратыны анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет