1. Практикалық сабақ. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлтазаттық бірегейлік. Тапсырмалар


Қазақстандағы қоғамның тарихи санасының өзгеруі жолындағы рухани жаңғыру



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі15,92 Kb.
#118713
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ардак

2. Қазақстандағы қоғамның тарихи санасының өзгеруі жолындағы рухани жаңғыру.

Уақыт өзгерген сайын адамзат қоғамы да өзгереді, өзгеру үстінде. Қазақ даналығындай айтылған, «елу жылда ел жаңа» деген өсиет қоғамның уақыт талабына сай өзгеріп отыратындығын зерделеуден туындаған. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ қоғамдық сананың рухани жаңғыруы дегеніміз, ұлттың және оның мемлекетінің қалыптасу жолындағы құндылықтар мен мәдени игіліктерді сақтай отырып, жаңа уақыттың өрісінде қалыптасып жатқан дүниелерді игеруі, қабілеті, білімі және өнері арқылы бағындыру, соған ұмтылу. Мәселен қазіргі таңда адамзат қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси дамуы, дамудағы ерекшеліктер әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілік арқылы көрінуде. Ал, бәсекеге қабілеттілік қазіргі әлемдік өркениетте биікке қол жеткізген мемлекеттердің тарихында осыдан біраз уақыт бұрын басталып кеткен. Бүгінгі адамзат әлемінде қоғамдық сананың тарихи формаларының қатары бәсекеге қабілетті болудың жаңа дүниелерімен толығуда. Осындай жағдайда уақыт болмысы, қоғамның болашағы өскелең ұрпақтан жаңа дүниелерді меңгеруді талап етуде.
Тарихтың тағылымы және бүгінгі уақыттың талабы негізінде қарайтын болсақ, рухани жаңғыру әр ұрпақ буынның тарихи сана негізінде өзіндік санасының қалыптасуы. Ұлттық сананы иеленген және өзі өмір сүріп отырған қоғамның өрісін кеңейте білген ұрпақ болмысын рухани жаңғыру құбылысымен өлшейміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет