БАЯНДАМА
Тақырыбы: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮШІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮШІ
Рысбаева Динара Осеровна
«М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебі» МКМ, Мақтарал ауданы
Байл.тел.: +77027821425, rysbaeva-dinara@mail.ru
«Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында
білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын
ұлт қана табысқа жетеді.
Н.Ә.Назарбаев»
Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы. Соңғы кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты елімізде көптеген жаңғыртулар айтылып жатыр. Бұған біржақты қарауға болмайды. Елбасының жолдауы бұл рухани мәдениет, ұлттық құндылық пен сананың жаңғыруы.
Елбасының мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы. Сонымен қатар таяу жылдардағы міндеттерімізге де тоқталған. Біз бұл мәселелерге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, орындалуын міндетті санап, бір жеңнен қол шығарып білек сыбана іске кірісуге тиіспіз.
Бұл күнді қазақ Тәуелсіздік алған соң да, ширек ғасырдан астам күтті! Иә, 2017 жылы 12-сәуір тарихқа Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы жарияланған күн ретінде енеді. Бұл – болашағымызды айқындап берген, Ұлттық жаңғыруға бастаған бағдарлама – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы! Бұл болашаққа жол сілтеп, бәрімізге бағдар берген бағдарламаның тек мемлекеттік тілде ғана жариялануының өзі көктемнен сүйінші сұрап ең алғаш хабар берген бәйшешектей көңіл көркейткенін зор қуанышпен айтамыз.
Біз Тәуелсіздігіміздің 26 жылына қадам басқанда, биыл демократиялық өзгерістерді талап еткен Конституциялық реформа жасадық. Ел еңсесі бір көтеріліп қалды! Бұл Рухани жаңғыру сол Жаңғырулардың заңды жалғасы. Оған дейін Елбасымыз Ұлытауда ұлттық мүддемізді тереңнен тербей қозғаған маңызды сұхбат беріп, «Ұлы Дала ұлағатын» жариялаған болатын. Сол кезде-ақ Ұлы Даладағы Ұлттық Жаңғырудың лебі сезілгендей болып еді. Сондықтан да, біз сол кезде таяп қалған Алтынкүрек желінен арқамыз қозып, ойымызды білдірген едік:
«Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым ...» деген Көк түрік қағандарындай Көк туымызды көкке өрлетіп, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін бүгінгідей әлем таныған биік деңгейге жеткізген Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы алдында тағы бір Ұлттық міндет, Ұлт аманаты тұр! Ол Ұлттың арманын орындау – Мемлекеттік тіл мәртебесін әперу болып табылады! Ұлт көшбасшысы Ұлт аманатын орындауды өзіне парыз деп санағанда ел де өзін елміз деп санайды!
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ тілі Мәңгілік дауға айналмай, Мәңгілік тілі болуы үшін, бұл Ұлт алдындағы қасиетті парызы мен міндетін өзгеге қалдырмай, Өзі орындауы керек!
ХХ ғасырдың басындағы Алаш көсемдері «Оян, Қазақ!», деп жар салғаннан бері бір ғасыр өтті. Биыл сол Алаштың 100 жылдығы! Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асты!
Елбасымыздың осы Демократиялық жаңаруға бастауын, Қазақтың ояна бастауына – Ұлттық жаңғыруға шақыру деп, ұлт мүддесін ұлықтаған ұлттық ұран деп қабылдайық!
Енді міне, жердің жүзі жаңғырған көктемнің көгорай күнінде, Көк тулы Қазақ Елінде де Рухани Жаңғыру дүниеге келді. Осыдан 56 жыл бұрын 12-сәуірде Қазақ жерінен адамзат ғарышқа көтерілсе, енді міне, Қазақ Руханияты да өз биігіне шығуға бетбұрыс жасады. Алаш баласы ақсарбас айтып, ақ түйенің қарны жарылар тарихи құжат бұл! Ұлттық мүддеге – мемлекеттің келешегіне елеңдеген еліміз үшін бұл ертеңімізді жарқын етер ерекше серпін! Абыздай ақтарыла толғап, ақындай жырлаған, тереңнен тартып, биіктікті көрсеткен, кешеден шолып, болашаққа бағдар берген туынды! Тегеуріні қатайып келе жатқан Тәуелсіз Елдің Темірқазық тұғырнамасы!
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп жазады Елбасымыз елдің көңілін дөп басып.
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.»
Елбасы сонымен бірге «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп, қазақтың өзі айтқандай, жаңа заманға жанаса алмаған, қарышты қадамға тұсау болар ескі әдеттерден арылу керектігін айтады.
«Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.»
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы - Рухани Тәуелсіздікке жетудегі баршамызға бағдаршам болар бағдарлама! Ұлтты сүюге рұқсат берілген тарихи құжат! «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» – дегеніміз Елбасымыз айқындап берген Ұлттық Рухани Жаңғырудың басты қағидасы, нақты формуласы!
Қысқа, әрі халыққа түсінікті тілде айтсақ, дәл осылай!
Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде алда атқарылар бірнеше жобалар нақты көрсетіледі. Оның ең біріншісі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру.
Елбасы бұны бұрын да, 2012 жылы желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын.
Бұл ұсынысты ел қуана қабылдауда. Президентіміздің өзі ерекше үміт артқандай жастардың даусы жарқын шығып, барлығы қолдау көрсетуде.
Қазақ тілінің Латын әліпбиіне өтуі – Руxани Тәуелсіздік алу! Ал Тәуелсіздік алу оңай, арзан болады, қиындығы жоқ деп кім айтты?
Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік алған соң еліміздің шекарасын қалай берік бекемдей алса, енді Латын әліпбиіне өту арқылы Рухани шекарасын белгілеп бермек! Ол рухани отаршылдыққа жол бермейтін шекара! Ол әлемнің алдыңғы қатарлы озық елдерімен еркін қатынас жасайтын шекара! Латынға өту – түбі бір түркі ағайындардың рухани әлеміне қосылу болып табылады. Латынға өту- өткенімізге оралу!
Елбасымыз айтқандай, еліміздің ендігі болашағы ең алдымен – Қазақ тілінде! Әлемнің басым бөлігі сөйлейтін ағылшын тілінде!
Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасы да ұлттық кодтың қалпына келуіне қайрат жасайтын елдік маңызы ерекше үлкен шара. «Отан от басынан басталатыны сияқты», Тәуелсіз еліміздің берік негізі туған жерден бастау алатыны айқын. Қазығы ауылда қағылып келген қазақ үшін туған ауылы қай қиырда жүрсе де, қай қияға шықса да, әрқашан да қасиетті мекені! Қазір жаппай ауылдан қалаға көшу белең алып тұрғанда, бұл бағдарлама ауыл ажарын кіргізіп, елдің берекесін арттыратыны анық. Бұл жобаға материалдық құндылық бере алатын кәсіпкерлермен қатар рухани күш беретін қаламгерлер, жалпы зиялы қауым да белсене атсалысуы тиіс!
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |