Сынып: 8 № 22 Күні: 20.11.14.
Сабақтың тақырыбы: Бөкей және Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жәңгірдің билік басына келуі, аймақтағы әлеуметтік -экономикалық, саяси даму
барысындағы өзгерістер, Жәңгір ханның Қазақстан тарихындағы алатын орны.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру,
ойлау, сөйлеу, танымдық ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік: «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз» - дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топтасытру, венн диаграммасы
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру а) сәлемдесу
б) сыныпты топқа бөлу(конфеттің түстері арқылы)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау а)картамен жұмыс б) тест тапсырмасы арқылы
в) тұлғаны таны
ІІІ. Жаңа сабақ а) Топтарға тапсырма постер жасау, қорғау
б) Венн диаграммасы
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау а) картамен жұмыс.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің себептері?
Ол жер қалай аталды?
Бөкей Ордасының алып жатқан жер аумағын картадан көрсет.
Кезінде Астрахань жері болған қазір Құрманғазы ауданы.
б) тест тапсырмалары
Елімізде оқушылар білімін 4,9,11, сыныпта мемлекеттік бақылау жүргізіліп білімін анықтайтындықтан 8 сыныптан бастап тестік сұрақтарға жауап беру біліктіліктерін меңгеру мақсатында тест тапсырмаларын орындау.
1.Бөкей ордасының территориясы
А) Әмудария мен Сырдарияның орталығы
Б) Еділ мен Жайықтың аралығы
В) Ертіс пен Еділдің аралығы
Д) Шу мен Таластың аралығы
2. 1801ж. Жайықтың оң жағасына қанша отбасы көшіп барды?
А) 1 мыңға жуық
Б) 2 мыңға жуық
В) 5 мыңға жуық
Д) 4 мыңға жуық
3. Қай жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазды
А) 1771 жылы
Б) 1797жылы
В) 1797 жылы
Д) 1799 жылы
4. Ішкі Орданы құру туралы жарлыққы қол қойған орыс патшасы
А) ІІІ Петр
Б) Елизавета
В) ІІ Николай
Д) І Павел
5. Бөкей ордасының тұңғыш ханы
А) Бөкей
Б) Айшуақ
В) Уәли
Д) Досалы
6. Аймақ тұрғындары қандай шаруашылық түрімен айналысты
А) Егін шаруашылығымен
Б) Жартылай отырықшы егін шаруашылығымен
В) Мал шаруашылығымен
Д) Бау бақша өсірумен
7. 1797 ж. Кіші жүздің ханы кім болды?
А) Бөкей
Б) Жәңгір
В) Айшуақ
Д) Нұралы
ІІ бөлімде: «Тарихи тұлға»
Шарты: Берілген сөздерден сөйлемдер құрап қандай тарихи тұлғаларға қатысты екенін табу.
Құсмұрын, кадет корпусы, “Манас”, сурет, Достоевский – Шоқан Уәлиханов.
Қарағанды, “Нұр Отан”, Астана -Н.Ә.Назарбаев
Түркістан, сұлтан, Сабалақ, Орта жүз, Уәли – Абылай хан.
Сұлтан, Орта жүз, Сәмеке – Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы
Медресе, Семей, Е.П.Михаэлис, Зере, Жидебай – Абай Құнанбаев
Еділ, Кіші жүз, 1845ж, Жәңгір, Жайық – Бөкей хан
Жауаптары:
Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. 17 жасында кадет корпусын бітірген. Сонымен қатар суретші болған. Досы Достоевский.
1960-1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы. Астана қаласының тұңғыш президенті.
Түркістан қаласында дүниеге келген.Сабалақ деген лақап аты болған.Орта жүз ханы.Сұлтан болған.Уәлидің баласы.
Ақмола округінің аға сұлтаны. Орта жүздің ханы болған Сәмекенің шөбересі еді.
Әжесі Зере. Семейдегі Ахмед риза медресесінде араб, парсы тілін меңгерді. Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен танысады.
Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барады. Жәңгірдің әкесі. Кіші жүз ханы. 1845 ж. дейін өмір сүрді.
Жаңа тақырып: Бөкей және Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы. (электронды оқулық)
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Жәңгірдің билік басына келуі.
2. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер.
3. Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі.
4. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны.
Топтастыру: 1. Жәңгірдің билік басына келуі.
Бөкей ордасының соңғы ханы
Әбілхайырдың Нұралы ханның
шөбересі немересі
Генерал-майор Жәңгір 1824ж. оралда хан болып
жарияланды
Шын есімі Жиһангер Білімді, сауатты, араб, 20 жыл хан болды.
Парсы, орыс тілдерін жақсы білген.
2.Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер.
Жәңгір ханның кезінде Бөкей хандығының қазақтарында әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.
Әлеуметтік-экономикалық саяси даму барысындағы өзгерістер.
Жәңгір ханның толық 2. Ішкі Ордада жер 3. Бөкей хандығы қазақтардың
ішкі автономиясы сақталды. учаскесін жеке меншікке арасында жерді жалға беру
беру кең тарады. кеңінен орын алды.
4.Жердің сатылуы мен сатып 5. Бөкей хандығында, Кіші жүздің
алынуы, жерді қауымдасып басқа бөлігіндегіге қарағанда
пайдалану жүйесінің бұзылуы оның бір айырмашылығы онда
қазақтардың отырықшы өмір салтына сауда-саттық дамыды.
көшуіне әкелді.
Қазақ жері
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
Жайық пен Еділ өзені аралығында 1801ж. 11.ІІІ. І Павел жарлығы.
Бөкей Ордасы басқаша қалай аталды (Ішкі)
Билеушісі Басқару жүйесі Мал саны
Бөкей Жәңгір хан. Хан кеңесі-12 би. 1803-70мың түйе.
Хан Ордасы «Жасқұс» баж салығын жинаушы 30 мың-жылқы
жерінде. 12 старшын 250мың-ірі қара мал. 1млн-қой
Топтарға тапсырма: /Постер жасау, қорғау/
І топ: Жәңгір хан қандай мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді?
ІІ топ: Жәңгір хан басқарып тұрғанда қандай елеулі өзгерістер болды?
ІІІ топ: Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасында қандай өзгерістер орын алды?
Сергіту сәті: Қара жорға
Сабақты бекіту: Ендігі кезекте венн диаграммасын толтыру.
Шарты: Жәңгірдің жағымды, жағымсыз жақтарын толтыру. Жәңгір ол кім?
Сабақты қорытындылау:
1845ж. Жәңгір қайтыс болды. Ол өзінің билігі тұсында хандықта көптеген-экономикалық-әлеуметтік, мәдени-ағарту реформаларын іске асырды. Елеулі табыстарға қол жеткізді. Ханның қайтыс болуымен Ішкі Ордада хан тағайындау тоқтатылды, ал 1872 ж. Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына өтті. Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында маңызды орын алды.Қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің ата-бабаларынан қалған атамекендеріне қоныс аударып, сол жерлерді өздерінің иемденіп қалуына мүмкіндік алды. Жәңгір ханның жүргізген саясатының ақыры И.Тайманов пен М.Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды.
Үйге тапсырма беру: § 14 оқу. Мазмұнын айту.
Жәңгір хан туралы қосымша материалдар жинап келу. Реферат.
Бағалау: сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп
(Ашық сабақ)
Сыныбы: 8 «Б» қазақ
Дайындаған: Шоқпарова Л.Б.
2014-2015 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |