Сабақтың тақырыбы



Дата27.12.2016
өлшемі10,49 Kb.
  • Мәтін
  • Мәтін – айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі.
  • Мәтін өзара байланысқан бірнеше сөйлемдерден тұрады да, олардағы ойлар жинақталып, автордың белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми еңбек те болуы мүмкін.
  • Мәтін
  • түрлері
  • Ауызша
  • Жазбаша
  • Айтылу мақсаты-
  • на байланысты
  • ауызша
  • мәтін түрлері
  • Сипаттау
  • Пайымдау
  • Әңгімелеу
  • Сипаттау - белгілі бір сурет немесе көрініске қарап, соның түр-түсін, пішінін ажыратып суреттеу.
  • Пайымдау – дәлелді қажет етеді. Мысалы, кітап оқуды қажет деп тапсақ, оның пайдалы жақтарын қарастырамыз. Және соның пайдалы екенін дәлелдейміз(тіл ұстарту, көркем сөйлеу, адамгершілікке тәрбиелеу).
  • Әңгімелеу – белгілі бір мәтінді немесе шығарманы оқып болып, содан түсінгенін баяндап, әңгімелеп беру.
  • Сөйлеудің мақсатына қарай мәтіндер ауызекі сөйлеу, ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет және діни мазмұнды мәтіндер болып бөлінеді.
  • Ғылыми сипаттағы мәтінге ғылыми түсініктер, ғылыми мақала, баяндама, реферат т.б. жатады.
  • Ресми іс қағаздарға өтініш, мінездеме, өмірбаян, қолхат, т.б. жатады.
  • Публицистикалық мәтінге ақпарат, хабар, мақала т.б. тән.
  • Көркем әдебиет мәтініне өлең, поэма, ертегі, әңгіме т.б. жатады.
  • Сөйлеудің мақсатына қарай мәтін:
  • Ауызекі сөйлеу
  • Көркем әдебиет
  • Діни мазмұнды
  • Ғылыми
  • Публицистикалық
  • Мәтінде жұмыс екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – тілдік талдау, екіншісі – сөйлеу. Тілдік талдауда дыбыстардың, сөз тұлғалардың, қосымшалардың, сөз тіркестерінің, сөйлемнің қызметін таныту мақсаты көзделсе, сөйлеуде тіл дамыту, тіл ұстарту, мазмұндама шығарма жазғызу, басқа да шығармашылық жазу жұмыстары көзделеді.

Бүгінгі сабақ: Мәтіндегі сөздердің арақатынасы

  • Ел техника жетістіктер әлеумет прогресс мүдделер үшін пайдаланады.
  • Шұлығынан аяғы шығып, алба-жұлба болып, бір әйел келеді. Көзі көгеріп, ісіп кеткен. Пешке арқасын сүйеп отырып ауыр күрсінді.
  • Рабиға баласының бетін сүйді.
  • Барлық кісінің көзі бұған қарады
  • Айбар есікті айқара ашты 

Оқулықпен жұмыс

  • 12-жаттыгу. ■ Көп нүктенің орнына и, й өріптерінің тиістісін койьш жазыңдар.Құрату, сатылай кешенді талдау жасату, мәтінге айналдырту.
  • Күн қас...етті нұрын аяма... төгіп түр. Біз Ма...раны тазалықшы етіп са...ладық (Б. С).
  • Жан қ...налма... жұмыс бітпес, талап кылма... мұратқа жетпес (мақал).

1-жаттығу

  • Қашан көрсең де Асан ақ атының үстінде. Жайлау жазы ыссы болса да атынан бір қол үзген емес. Белін арқанға буып алып, ат үстінен қойларды қарайды. Қойларды алдыға салып, арғы жағаға өткенде өзен суы дізесіне дейін жетеді. Айтпақшы, түйелері және сиырлары мен ешкілері тағы бар. Әкесі әлдеқашан ақ атқа ұлықсатын беріп, өзіне аманаттаған. Қаршадайынан еңбекке деген құлшынысы ата-анасын сүйіндірді.

2-жаттығу

  • Асан – Абайдың мектебінде оқыған бала. Өзі фантазияға бай. Және сонымен қатар қулығы да баршылық. Асан ойдан шығарған өз өтірігін жалпақ жұртқа жайып жібереді. Ұшатын тәрелкені көзіммен көрдім деді әлгінде бір балаға. Қара сұр немістің азулы овчаркасы менің үйімде деп те соқты біраздан соң. Кеше театрға барып, көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт тыңдағанын да «жасырған» жоқ. Ал, балалар, Асан қандай бала?

2-жаттығу

  • Дәл тауып қой
  • Бұл күнделікті өмірде кездесіп жүрген көріністер бір қарағанда ұсақ-түйек, болмашы нәрселер болып көрінуі мүмкін бірақ олай ой түю қате болар еді өйткені бұлар ашу-ызаңды келтіреді намысқа тиеді намыс болғанда жеке бастың жайы емес ұлтыңа, еліңе ұят келтіретін жәйттар алматы қаласындағы №65 автобуспен келе жатырмыз «Сайран» автовокзалынан кейінгі бір аялдамадан соң кондуктор жігіт «келесі аялдама София» деді «Софиясы не дейміз» – ішімізден софия көшесінің ұлтымыздың ғажайып композиторы Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев атындағы көше болып өзгергеніне қаншама жыл! Биыл тура жиырма жыл болады. кондуктор – қазақ жігіті көп болса жиырма үш-жиырма төрт шамасында нағыз Тәуелсіздік азаматы былай қарағанда тұлабойы отаншылдық, елжандылық сезімге толы болуы тиіс тілендиевтің атын көпке саңқылдай хабарлау мақтаныш емес пе?!

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет