5. Ес туралы түсінік. Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.
Ес туралы теориялар.Ассоциация құбылысы. Ассоциация түрлері.Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді. Ежелгі гректер естің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасау да екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (ассоциация – латынның assotiatio — қосу, байланыс деген мағынаны біллдіреді) деп аталатын болды. Ассоциацияның үш түpi айырып көрсетіледі:
Шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау-бақшаны eciмe түcipeмін. Белгілі 6ip окиғаны еске түcipгенде сол кезде болған баска бip факттер ойыңа түседі;
Ұқсастығына қарай;
Контрастылығына карай. Бұлай eтin жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын.
Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін.
Физикалық теория. Бұл теория бойынша нерв импульстері, нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады.
Биологиялық теория. Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:
Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді.
Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.
Ес процесстері: Есте қалдыру;
Қайта жаңғырту;
Есте сақтау;
Ұмыту.
1) Есте қалдыру – бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың бірнеше түрлері бар:
Қысқа мерзімді есте қалдыру;
Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
Оперативтік есте қалдыру;
Ырықты есте қалдыру;
Ырықсыз есте қалдыру,
Логикалық есте қалдыру;
Механикалық есте қалдыруда - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Жаттау – ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.
Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру;
Салыстыру;
Материалды топтастыру және жіктеу;
Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру;
Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді:
Толық;
Толықсыз.
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:
Ырықты;
Ырықсыз.
Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді:
Ырықты.
Ырықсыз.
Ұмыту– бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
Жағымсыз индукцияның әсері;
Проактивтік тежелу;
Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру;
Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия. Естің түрлері: Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
Психикалық белсенділік;
Мақсат;
Материалды есте сақтау ұзақтығы.
Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: Қозғалыс есі;
Сезімдік;
Бейнелік ес;
Сөз логикалық.
Мақсатқа қарай 2- ге бөлінеді: Ырықты;
Ырықсыз.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді ес;
Ұзақ мерзімді ес;
Оперативті ес.
а) Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
б) Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
в) Бейнелі ес — заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
г) Сөз логикалық ес — бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.