1 Психология тарихы және салалары. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері


) Қиял. Қиялдың түрлері. Қиялдың жасалу жолдары



бет11/29
Дата07.02.2022
өлшемі81,89 Kb.
#84928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
психология жауап

11) Қиял. Қиялдың түрлері. Қиялдың жасалу жолдары.
Қиял түрлері және оны дамыту жолдары
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.
Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі — түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет