18. Эмоционалдық қарым-қатынас – нәрестелік кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Шартсыз рефлекстер, олардың мәні.
Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топқа бөледі. Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) арқылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.
Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі - тағамдық шартсыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму - қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таныс емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы - бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметі үйлесімді түрде жүреді.
Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.
Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.
Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.
Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |