1 Психология тарихы және салалары. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері


) Зейіннің физиологиялық негізгі қасиеттері және түрлері



бет4/29
Дата07.02.2022
өлшемі81,89 Kb.
#84928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
психология жауап

4) Зейіннің физиологиялық негізгі қасиеттері және түрлері.
Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері
Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы.
Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын
танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің
шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін
өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін
көтеру қызметін атқарады.
Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы
әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажы-
ратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді
шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп,
қажетті бағыт-бағдар алады.
У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсор-
лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан
өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз
не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)
– ерік қосумен болатын.
Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және
ол үшін ерік күшін қажет етпейді.
Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат
қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт
аралығында орындалып жатады.
Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті
зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін
сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және
ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-
әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.
В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және
бір түрін атап көрсетеді.
Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық
сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б.
болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы,
тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап,
өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің
қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.
Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен
олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.
Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысан-
дарды бөліп алу қызметін атқарады.
Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске
бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға
ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін
арттырады.
Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады.
Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған
орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің
ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.
Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен
ауысуы.
Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу
мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін,
бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің
болуы да заңды.
Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға
бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипат-
талады.
Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау
мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.
Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара
байланыспаған заттар саны.
Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет
бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің
нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі
мүмкін.

Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктеріі – бірнеше жағдаяттарға


байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің
психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы,
үйреншікті қызметінің шарттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет