1. Психологиядағы ерік түсінігі


Шешім қабылдау және таңдау мәселесі



бет3/4
Дата24.04.2022
өлшемі18,12 Kb.
#140700
1   2   3   4
Байланысты:
52110229946aa06062a65d9946aa0e21-1
3. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі
Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру
үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады. Бұл процесстің
маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда
белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік межелеушін таңдау да – күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий
(межелеуіш) дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Шешім қабылдау және таңдау мәселесі
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
•Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізділген таңдау. Мұндайда шешім
қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып
жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.
•Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау.
Бұрыңғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін
болжалдау үшін білімін пайдаланады.
Шешім қабылдау жұмысы аз дегенде үш негізгі құраушыдан тұрады:
•Тұлғалық (нақты топтың қызығушылығын ескере отырып, шешім қабылдаушы басшының мақсаттары
мен ұйым мақсататын салыстыру);
•Рәсімдік (нақты мәселелердің ағымды жағдайын анықтау, алда болатын өзгерстер дәрежесін анықтау,
сонымен қатар олардың қарым-қатынасының үзілуін жеңіп шығатын іс-шара ұйымдастыру);
•Технологиялық (нәтиже мен оның көрсеткішін анықтау, тәуекелге баруды болжау, ресурстарды іздеу
және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет