25.03.22
КАФ-22,Калмаганебетова Н, СРСП
Сұрақтар:
1.Психологиядағы ерік түсінігі.
2.Ерікті актінің құрылымы.
3.Шешім қабылдау және таңдау мәселесі
4.Ерік және тұлға.
5.Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс- менеджмент)
1. Психологиядағы ерік түсінігі. Ерік дегеніміз адамның қойылған мақсатқа жетуде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті .
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.
Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Еріктік іс-әрекеттің анатомиялық – физиологиялық негізі мидың барлық бөліктерінің, үлкен жарты шар қабығының маңдай бөлігінің жетекші рөлі негізіндегі рефлекторлық іс - әрекеті болып табылады .