Ақ көңілді жүрекпен, Ақ ниетті тілекпен. Амандасып алайық, Қонақтарға ізетпен



Дата02.07.2018
өлшемі5,87 Mb.
#45685
  • Әдебиеттік оқу
  • 2
  • 1
  • 3
  • 4
  • !
  • ?
  • ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
  • Ахмет Жұбанов (1906-1968)
  • Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.
  • А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

Қазақтың өте ежелгі және кең тараған қос ішекті аспабы. Мойнына тоғыздан жиырма екіге дейін перне байланады. Домбыра негізінен екі ішекті, үш ішекті түрі де бар. Оның негізгі мынадай бөліктері: басы, құлағы, шанағы, бетқақпағы, ілгегі, тиегі, пернелері ішегі бар.

  • Қазақтың өте ежелгі және кең тараған қос ішекті аспабы. Мойнына тоғыздан жиырма екіге дейін перне байланады. Домбыра негізінен екі ішекті, үш ішекті түрі де бар. Оның негізгі мынадай бөліктері: басы, құлағы, шанағы, бетқақпағы, ілгегі, тиегі, пернелері ішегі бар.
  • /
  • Бағалау критерийлері
  • (Мәнерлеп оқу)
  • 1. Шығарма авторын атау-1б
  • 2. Шығарма атауы.-1б
  • 3. Дауыс ырғағының қатты болуы-3б
  • 4. Мәнерлеп, нақышына келтіре оқу -4б
  • 5. Тыныс белгілерінің сақталуы-1б
  •   10 б - «5»
  • 8 б – 9 б - «4»
  • 6 б – 7 б - «3»
  • 6 б төмен - «2»
  • Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.
  • Б. Момышұлы

  • Құрманғазы
  • Сағырбайұлы
  • (1818 -1889)

Құрманғазы арқылы бүкіл әлем қазақ елі туралы білді және қазақ елін таныды. Н.Ә.Назарбаев

      • .

Құрмангазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) – аса көрнекті күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген.

  • Құрмангазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) – аса көрнекті күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген.
  • Алғашқы ұстазы Ханбазар күйшісі Ұзақ, Бөкей ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайсан, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдады.
  • Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның "Түрмеден қашқан", "Кісен ашқан", "Ертең кетем", "Бозқашыр", "Пәбескі", "Терезеден-есіктен", "Бозшолақ", "Бұқтым-бұқтым", "Не кричи, не шуми", "Арба соққан", "Аман бол, шешем, аман бол" сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты.
  • Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, калтқысыз сезімге бөлене алады. Оның "Қызыл қайың", "Ақжелең", "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын", "Серпер", "Назым", "Балқаймақ", "Бұлбұлдың құрғыры", "Ақсақ киік", "Төремұрат", "Қуаныш" сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.
  • Дина Нұрпейісова
  • (1861 - 1955)
  • 1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?
  • 2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
  • 3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
  • 4. Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесің?
  • Есіңе сақта!
  • Қазірде Алматыда Құрманғазы атында Қазақ ұлттық консерваториясы Алматыда Құрманғазы атында Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі; Құрманғазы атында аудан, көшелер, мектептер бар; Атырауда Құрманғазы атында мәдениет сарайы; Құрманғазы ауданында Құрманғазы атында саз колледжі
  • /
  • «Бес жолды өлең» 1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс. 2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім. 3. Іс-әрекетті көрсететін үш сөз. 4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем. 5. Соңғы сөз синоним болуы керек.
  • Әйгілі күйшілер:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет